Қарағанды облысы ландшафттарының қалыптасуының табиғи факторлары
Ландшафттардың қалыптасуының геологиялық геомор-фологиялық негіздері
Қарағанды облысы геоморфологиялық тұрғыдан ерекше және біртекті емес, қатты көтеріңкі Қазақтың ұсақ шоқысы – Сарыарқаның көтеріңкі жазығының орталық бөлігін құрайды. Жер бедері ұсақ шоқылық төмендеулер мен өзен алқаптары, құрғақ су ағыны арналарымен, грунт суларының жер бетіне шығатын шұңқырларымен, ағынсыз ойпаттар және көлдік қазаншұңқырлармен күрделенген. Территорияға тән сипаттамалар – жер бедерінде жартас тәрізді тығыз тау жыныстарының шығып жатуы, тастан құрылған қоршаулар мен қатты тілінген үгінділердің болуы.
Ұсақ шоқы кембрийге дейінгі және палеозой және оған дейін болған тектоникалық құрылымдардың денудациясы мен қарқынды бұзылысы және палеозойдың орта шенінен біздің күндерге дейін созылған ұзаққа созылған континенталды даму процесі негізінде құрылған. Денудациялық процестер тауларды аласа тауларға, яғни бұзылуға барынша тұрақты жыныстар, арасында қалдық таулар кездесетін пенепленге айналдырды. Кайнозой- мезозойлық пенеплен бірнеше рет әлсіз эпейрогенетикалық қозғалыстарға ұшырады. Пенепленизация және кейде неотектоникалық қозғалыстар процестері аласа таулы немесе ұсақ шоқылы ортаны қалыптастырды. Ұсақ шоқының әр түрлі формалары бір-бірінен тау жыныстарының сипаттамалары мен жатысы бойынша ерекшеленеді. Мысалы, граниттер желденудің жартасты, тісті, шар тәрізді формаларын, сызықты созылған құмтас, әктас пен тақтатастарға жоталар, екінші реттік кварциттерге – үшкір шыңдар тән. Аккумулятивті жазықтар бетінде суффозивті ойпаттар мен құрғап бара жатқан көлдердің дефляциялық қазаншұңқырлар кеңінен таралған.
Өзен аңғарлары негізінен климаттық және ландшафт жағдайларына тікелей байланысты. Облыстың батыс бөлігін Теңіз-Қорғалжың ойпатына бағытталған және Есіл мен Нұра өзен алқаптарының кең алқабын алатын көп таралған денудациялық ұсақ шоқылы және делювиалды-пролювиалды белесті суайрық жазықтары алып жатыр. Шығыста абсолюттік биіктік 500 метр болса, ал батысында ол 400 метрді құрайды. Жазықтардың фонында ұсақ шоқылар, тізбектер және жеке таулар ерекшеленіп тұрады. Солтүстігінде – Ақдің (897м), Нияз, солтүстік-батысында – Мұзбел, оңтүстік-шығысында – Мұзбел, оңтүстік-шығыста – Қошқар, оңтүстікте – Биіктау (591м). Облыстың шығыс бөлігі ұсақ шоқылы және аласа таулы. Солтүстік-шығыс бөлігі көтеріңкі таулар мен Нұра, Жарлы, Талды және Талдық: Үлкен Қарақуыс, Кіші Қарақуыс, Бүйіртас, Кешубай, Қоңыртемірші, Соран және тағы басқа өзендердің суайрық жоталарымен ерекшеленеді. Облыста батыстан шығысқа қарай аласа таулы тізбек созыла орналасқан: Ұлытау (1133 м), Наршоқы (1108 м), Бұғылы (1187 м), Ханқашты (1220 м), Қушоқы (1283 м), Қарқаралы
таулары, Кент, Бақты, Жақсы Абралы. Солтүстік пен солтүстік-шығысында жеке-жеке Мұзбел, Семізбұғы, Айыр, Желтау, Қу, Дос, Мыржық және т.б. таулары таралған. Балқаш көліне қарай Арқалы, Желтау, Шұбарайғыр, Өгізтау, Жорға, Ақірек, Қалмакемел таулары бар. Облыстың орталық бөлігінде Сарысу өзені алабы орналасқан, ол солтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа қарай 500 метрге созылған. Өзен алқабы – жазық, кей жерлерде ежелгі таулардың қалдықтары болатын Ақтау, Қосшоқы, Қотыржал, Болаттау, Сусызтау, Қарашоқы, Қу, арқалы және басқа да таулар кездеседі. Оңтүстігінде Тобылға, Жетіқоңыр, Қоянжал мен Мойынқұм құмды шөлдері бар. Облыстың батысында орташа биіктігі – 400-600 м, орталығында 800-1133м болатын бірнеше тау массивтерін құрайтын Ұлытау таулары орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 300-350 км, ені – 150-200 км-ге созылған.
Облыстың оңтүстік бөлігінде тасты шөл Бетпақдала жатыр. Сарысу өзенінің төменгі ағысынан Балқаш көліне дейін 500 км-ге созылған. Орташа биіктігі – 300-350м.Бетпақдаланың тау жыныстарының жастары кембрий, девон, карбон болатын, гранит, порфорит және әктастармен таныстырылады. Бұл жерде негізінен тұзды көлдер, сорлар, тақырлар мен құрғақ бөренелер кездеседі. Тұран ойпатымен шекарада солтүстік-шығыста Арал алды Қарақұмы құрайды. арал алды Қарақұмының абсолютті биіктігі 100-150 м, біршама көтеріңкі бөліктерін Жыланқыр (157 м), Қасқатөбе (135 м), Көктөбе (125 м) және Айғырбек (143 м) құрайды. арал алды Қарақұмы өз алдына неоген-төрттік шөгінділерінің бұзылуынан құрылған төмендеген жазықтарды елестетеді. Бұл эолды жер бедері грядты күңгірт құмдардан тұрады. Жалпы облыстың жер бедері жартасты, кедірлі суайрық кеңістіктерінен (500-700 м) және ұсақ шоқылы денудациялық жазықтарды құрайды. Биіктігі бойынша биігірек жер бедері қалдық тауларға, тау аралық қазаншұңқырлар мен өзен алаптарына келеді (400-600м).
Облыстың территориясы каледон және герциндік құрылымды Орталық Қазақстанның палеозоидтық орта бөлігін құрайды. Каледон қатпарлығына Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинорийі және Шыңғыс алды синклинорийі; Ерейментаулық антиклинорий мен Семізбұғы синклинорийі; каледонидтар мен герцинидтердің аралығында орталық бөлігін алатын Қарағанды синклинорийі; Қарағанды синклинорийінің батыс бөлігіне ұласқан Теңгіз герциндік ойпаты мен Сарысу-Теңгіз көтерілімі орналасқан. Спасск антиклинорийі, Қарасор және Успен синклинорийлері, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйлерін қосатын герциндік құрылымдар Қарағанды синклинорийінен оңтүстікке қарай орналасқан. Бұл құрылымдар құмтас, әктас, кварцит, тақтатас, әр түрлі құрылымды вулканиттерден тұрады. Жыныстар қатпарларға мыжылған, әр түрлі бағытта бұзылған, интрузиялармен үзілген.
Барлық құрылымдардың арасынан субендік бағытта созылған Қарағанды синклинорийі көп зерттелген. Синклинорийдің орта бөлігін Қарағанды көмір бассейні алуда. Қарағанды синклинорийінің батыс бөлігі Самара және Завьялов тас көмір орындарын қосатын девонның және төменгі
палеозойдың грабендік синклиналдан пайда болған жанартаулық-терригенді иілімдер мен көтерілімдердің ауысып отыруымен сипатталады. Грабен- синклиналдар батысы мен шығысында меридианальдық бұзылыстармен шектелген. Алаптың солтүстігінде фамен және турней ярустарының карбонатты жыныстарымен, сондай-ақ төменгі карбонның көмір қабатымен қапталған бархисинклиналь және мульдамен көтеріңкі аймақтардың ауысып отыруы байқалады. Оларға күлі жоғары болатын көмір пластыларымен сипатталатын Қушоқы мен Бөрілі кен орындары жатады. Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстік жиегінде қорғасын-цинкті кен орындары мен барит кен орны Жалайыр әйгілі. Бассейннің әр түрлі бөліктерінде әктастың металлургияда, химия және цемент өнеркәсіптерінде пайдалануға жарамды 20-дан астам орындары табылған. Оларға Астах, Сарыапан, Волынское, Оңтүстік-Топар әктас кен орындары жатады.
Барланған құмды-қиыршықтасты шөгінділерінің негізгі бөлігі өзен жағалауларында кездеседі. Юра дәуірінде қалыптасқан саздың қайта түзілу қабатынан аязға төзімді құрылыс кірпіштері, керамика өнімдері, отқа төзімді заттар жасалады. Саз Ақтас, Сасыққарасудан алынады. Девонның эффузивтерінен құрылыс тастары барланып, пайдаланылуда.
Батысында Шерубай-Нұра өзенінен 250 км шығыс-солтүстік-шығыс бағытта Орталық Қазақстанның жанартаулық девондық белдеуіне дейін, Қарағанды синклинорийінен оңтүстікке қарай және Тектұрмас антиклинорийінен солтүстікке қарай Спасск иілу зонасы орналасқан. Жанартаулық-шөгінді генезисті мыстың ұсақ 20-дан астам кен орындары (Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қожақонған, Қызылөгіз, Көктал, Сарыадыр, Алтынтөбе, Спасск және т.б. мыс кен орындары), 250-ден астам мыс рудалары мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталған. Пирофилит пен мәрмәрдің (Спасск) орындары барланып, ашылған. Осы зонадан оңтүстікке қарай аздаған гранитоидты интрузиялармен байланысты, силурдың терригенді жыныстарымен жабылған субендік бағытта Нұра синклинорийі өтеді.
Кремнийлі-пирит-магнетит-гематитті кен орындары (Кентөбе кен орны) жоғарғы фаменск туфтары, туфиттер, туффогенді құмтастар мен әктастармен гранитті массивтің көп фазалы солтүстік экзобайланысына орналасқан. Облыстың батыс бөлігін алып жатқан Сарысу-Теңгіз көтерілімі әр түрлі уақытта қатпарлы және бұзылыстарға ұшырап, грабен-синклиналды және горст-антиклинальді құраған және жанартаулы, интрузивті жыныстардың шөгінділерімен жабылған. Көтерілімнің орталық бөлігін алатын Шұбаркөл грабен-синклинальі 2 млрд. т қоры бараз күлді (2-10%) энергетикалық көмірлі юралық ойпат тән, ал Қызылжар горст-антиклиналына липарит пен кірпішті сазды Баршын кен орны тән.
Облыстың шығыс бөлігіне төменгі палеозой жыныстарымен жабылған Шыңғыс алды синклинорийі және Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинорийімен іргелес бөлігі жатады. Бұл жерде карбонның порфирлі гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты мыс-порфирлі типтегі
плутогенді-гидротермалды орындар (Көктасжал кен орны); колчедандарға ұқсас ұсақ мыс кен орындары орнатылған. Ұлытау-Жезқазған геологиялық құрылымына үш тау жынысы құрылымы қатысады: 1 – дислокацияға қатты ұшыраған кембрийге дейінгі метаморфологиялық жыныстар; 2 – жанартаулық жыныстар; 3 – платформа құрылымды мезо-кайнозойлық құмды-сазды жыныстар. Бұл жерде мыстың, марганец, қорғасын мен цинктің ірі кен орындары; темір, никель, кобальт, көмірдің орташа және кіші кен орындары; алтын, хром, никель, мыс, платина рудалары; магнезит, тальк, барит, кварц, флюорит, асбесттің рудасыз орындары анықталған. Қара және түсті металдар рудасында күміс, рений, кадмий, таллий, германий және басқа элементтердің қосындысы кездеседі.
Қарсақпай зауыты ауданында темірдің ашық кен орны 40 км-ге созылған. Бұл жерде Керегетас, Балбырауын, Қаратас, Қарашоқы және Сазтөбе кен орындары орналасқан. Қазақстанда Ұлытау-Жезқазған ауданы марганец қоры бойынша негізгі болып табылады. Жезді кен орны Балажал, Емельяновское, Батыс Керегетас және Жаман Керегетас кен орындары сияқты темір-марганец рудаларымен әйгілі [16].
Достарыңызбен бөлісу: |