Белгілер мен қысқартулар Анықтамалар



бет20/21
Дата14.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#495611
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Караганда Ландшафт

ҚОРЫТЫНДЫ


Диссертацияда ландшафттарға антропогендік жүктемелердің теориялық, әдістемелік және практикалық мәселелері қарастырылды. Жүргізілген зерттеу жұмыстары мен алынған нәтижелер бойынша келесідей қорытынды шығаруға болады:

  1. Қарағанды облысы шекарасында иерархиялық жүйелеу арқылы тип бойынша, одан кейін құрылымдық-генетикалық жіктеу бойынша картада 49 жеке ландшафт бейнеленіп, көрсетілген. Шартты белгілерде келесі жүйеленген категориялар қарастырылды: класстар (жазық және таулы ландшафттар), типтер (дала, шөлейт, шөл), типшелер (солтүстік дала, оңтүстік дала, солтүстік шөл, оңтүстік шөл ландшафттары).

  2. Геожүйелердің антропогендік модификациясының негізгі факторларына өндірістік және ауылшаруашылық іс-әрекеттері жатады: пайдалы қазбалардың өндірісі, мал жайылымы, сонымен қатар селитебті территориялардың кеңеюі мен транспорттық құрылыс. Талдау нәтижелерінің негізінде Қарағанды облысының табиғатты пайдалану картасы жасалды.

  3. Геожүйелерге антропогендік жүктеменің деңгейіне баға беруі жүргізілді. Нәтижесінде Қарағанды облысына антропогендік жүктеме қарқындылығының картографиялық көрінісі жасалды. Антропогендік жүктеменің қарқындылығын есептеу барысында келесідей көрсеткіштер есепке алынды:

    • техногендік түзілімдер;

    • мал басының тығыздығы;

    • халық тығыздығы;

    • егістік алқаптары;

    • транспорт жүктемесі.

  4. Табиғи кешендерге антропогендік жүктеме қарқындылығының дәрежесін есептеу жүргізілді. Осының негізінде «Антропогендік жүктеменің қарқындылығы бойынша Қарағанды облысының ландшафтарын зоналау» картасы жасалды. Антропогендік жүктемені есептей келе:

    • ландшафтқа өте жоғары қарқындылықта әсер етуі – 2, 3а, 4а, 4г, 5, 9а, 13, 14-ландшафттардан байқалды. Жүктеменің негізгі көздері - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «ТЭМК» АҚ ХМЗ кәсіпорындары, егістік алқаптары, автомобиль көлігі, қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондары, жылу электр орталығы, теміржол көлігі кәсіпорны, автокөлік кәсіпорындары болып табылады;

    • антропогендік жүктеме өте төмен дәрежеде әсер етуі – 8а, 22ғ, 26г, 29б, 32б, 33а, 34а, 38а, 41, 44, т.б. ландшафттарынан көрініс тапты. Оған себеп – қорғауға алынған аймақтар және өндіріс орындарының әсері аз немесе ауыл шаруашылық іс-әрекетінің бәсең болуы әсерінен ландшафттары біршама тұрақты болып келеді.

  5. Ландшафттарды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар зерттеу нәтижелеріне сәйкес жасалды. Бағалау көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша ландшафтардың белгілі бір топтары үшін жеке ұсынымдар әзірленді.


61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет