Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі



бет2/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
L1БелокKZ

І. АМИНОҚЫШҚЫЛДАР (АҚ)
Табиғатта 150-ге жуық АҚ кездеседі. Протеиндердің құрылысына қатысатын тек 20 АҚ құрылысында бірнеше келесі жалпы ұқсастықтар болады:

  1. Олардың бәрі L- қатарындағы α-аминоқышқылдары болып табылады. Себебі, олардағы аминотоп пен карбоксилдік топ α-көміртекке байланысқан. Бұл жағдай барлық АҚ-дарға тән:




Сур.1. Аминоқышқылдардың жалпы формуласы

  1. АҚ тек радикалдарының (R) құрылысы әртүрлі болуы бойынша ерекшеленеді.

Ағзадағы метаболизмде маңызды рольді протеиндердің құрамына кірмейтін АҚ да атқарады. Оларды минорлық аминоқышқылдар деп атайды. Мысалы, аминоқышқылдар орнитин, цитрулин, аргиносукцинат мочевинаның метаболизміне қатысады.
Кейбір АҚ протеиногендік АҚ-дың синтезі мен катоболизмінде аралық қосылыстар, тиреоидтық гормондардың алғызаттары болып табылады.
АМИНОҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Физика-химиялық жіктелу – аминоқышқылдардың физика-химиялық қасиеттерінің әртүрлілігіне негізделген:

    1. Гидрофобтық АҚ (полярсыз);

    2. Гидрофильдік зарядсыз (полярлы) АҚ;

    3. Теріс зарядталған АҚ. Оларға аспарагин және глутамин қышқылдары жатқызылады;

    4. Оң зарядталған АҚ: аргинин, лизин, гистидин;

Жоғарыда келтірілген қасиеттер бос АҚ-ға тән болады. Протеинді түзуге АҚ-дағы тек α-NН2 және α-СООН топтары қатысады, радикалдардағы топтар бұл үдеріске қатыспайды. Олар протеиннің жалпы жалпы физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін қалыптастырады.
Биологиялық жіктелу бойынша аминоқышқылдар екі топқа бөлінеді:
1) Ауыстырылмайтын АҚ, оларды «эссенциалдар» деп атайды. Олар адам ағзасында синтезделмейді, сондықтан тағам құрамында міндетті түрде түсіп отыруы керек. Оларға 8 АҚ жатқызылады және 2 жартылай ауыстырылатын АҚ-дар да қосылады. Ауыстырылмайтын АҚ-ға жатқызылады: метионин, треонин, лизин, лейцин, изолейцин, валин, триптофан, фенилаланин. Жартылай ауыстырылатындарға – аргинин, гистидин жатқызылады;
2) Ауыстырылатын АҚ (адам ағзасында синтезделе алады). Олар - 10: глутамин қышқылы, глутамин, пролин, аланин, аспарагин қышқылы, аспарагин, тирозин, цистеин, серин, глицин. Оның ішінде 2 АҚ – цистеин және тирозин шартты түрде ауыстырылатын АҚ-ға жатқызылады, себебі, ауыстырылмайтын аминоқышқылдар метиониннен және фенилаланиннен синтезделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет