Изоқызметті протеиндер – бұл бірдей немесе ұқсас қызметті атқаратын протеиндер жиыны. Олардың құрылымында аздаған өзгешеліктер болады. Мысалы, адам гемоглобиндері. Гемоглобин А – тетрамер: (22). Ересек адам эритроциттері гемоглобинінің 98%құрайды. Гемоглобин А2 – тетрамер: (22). Ересек адамда 2%. Гемоглобин Ғ – тетрамер: (22) – 6 айға дейін ұрықтың гемоглобині болып ауысады. Барлық гемоглобинде альфа-тізбек қалпында, бәрі де оттек тасымалдаушы қызмет атқарады. Бірақ, оттекке байланысушылық қабілеті әртүрлі болады. Мысалы, гемоглобин Ғ-тің оттекке байланысушылығы жоғары, сондықтан анасы қанындағы гемоглобин А-дан оттекті өзіне байланыстырып ұрықты оттекпен қамтамассыз етеді.
Изопротеиндер – ағзаның бір түрінде болатын протеиннің көптүрлі формасы, мысалы, коллагендер.
Биомедициналық маңызы. Протеиндер жасушалардың тіршілігінде өте үлкен, маңызды рольді атқарады. Қанның құрамындағы белгілі протеиндердің анализі диагностикалық мақсатта пайдаланылады. Кейбір протеиндер емдеу мақсаттарында қолданылады (инсулин, интерферон).
Ағзаның протеиндік құрамының өзгерісі. Ағзаның дамуы барысында протеиндік құрам көп өзгереді. Мамандандырылған ұлпаларда арнайы протеиндер пайда болады, мысалы, эритроциттерде гемоглобин, көз торында родопсин және т.б.. ересек адам ағзасындағы протеиндік құрам салыстыралы түрде түрақты. Жекеленген протеиндердің вариациясы тағам құрамы, қоректену режимі, физиологиялық активтілігіне байланысты болады.
Әртүрлі аурулар кезінде ұлпалардағы протеиндік құрам өзгерісі өтеді. Бұл өзгерістерді – протеинопатия деп атайды. Протеинопатия тұқымқуалаушы және жүре пайда болған болып бөлінеді. Мысалы,тұқымқуалаушы протеинопатия – гемоглобинопатия болып табылады. Ағза тіршілігінде ақаулы протеиннің қызметіне байланысты протеинопатия қандай да бір ауру немесе өлімге әкелуі мүмкін. Тұқымқұаулаушы проотеинопатияларда протеиннің бірінші реттік құрылымы бұзылады.
Жүре пайдаа болған протеинопатия аурулар нәтижесінде дамиды. Протеин құрамында келесі өзгерістер өтеді: -1.зақымдалған мүшеде протеиндік құрамның мөлшерлік өзгеруі; -2.нативті конформациясы өзгергендіктен протеиннің биологиялық активтілігі өзгереді: - рН өзгерісі (қышқылдық немесе сілтілікке ауысады); - кіші молекулалар протеиндерге байланысады, мысалы, қант диабетінде қан протеиндеріне глюкоза қосылады.
Қаннның және несептің протеиндік құрамының өзгерісі көптеген аурулардың диагнозы үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |