Химиялық жіктелу - бұл АҚ-ғы радикалдардың химиялық құрылымына сәйкес жіктелу болып табылады:
1) Алифаттық аминоқышқылдар – глицин (ГЛИ), аланин (АЛА), валин (ВАЛ), лейцин (Лей), изолейцин (Илей);
2) Оксиқышқылдар – серин (Сер), треанин (Тре);
3) Дикарбондық аминоқышқылдар – аспарагин (Асп), глутамин (Глу), аспарагин қышқылы (Асқ), глутамин қышқылы (Глуқ);
4) Екі негізді қышқылдар – лизин (Лиз), аргинин (Арг);
5) Ароматтық аминоқышқылдар – фенилаланин (Фен), тирозин (Тир), триптофан (Три);
6) Күкіртқұрамды аминоқышқылдар – цистеин (Цис), метионин (Мет);
Биохимиялық рольдері бойынша аминоқышқылдар келесілерге бөлінеді:
1. Гликогендік – бірнеше химиялық айналымдар арқылы гликолиз (глюкозаның тотығуы) жолына түсетін аминоқышқылдар – Гли, Ала, Тре, Вал, Аск, Глк, Арг, Гис, Мет;
2. Кетогендік – кетондық денелердің түзілуіне қатысатын аминоқышқылдар – Лей, Илей, Тир, Фен;
Аминоқышқылдардың биологиялық қызметі
Тірі ағзаларда АҚ-лар келесі қызметтерді атқарады:
Пептидтер мен белоктардың құрылымдық элементі. Протеиндер құрамына 20 АҚ тұрақты кіреді және олардағы радикалдар фосфорлану, ацилдену, гидроксилдену және т.б. реакцияларға қатысуға қабілетті.
Басқа да табиғи қосылыстардың құрылымдық элементі. АҚ-лар және олардың туындылары - коферменттер, өт қышқылдары, антибиотиктер құрамына кіреді;
Сигналдардың тасымалдаушылары. Кейбір АҚ нейромедиатор немесе нейромедиатор, медиатор, гормондардың алғызаттары болып табылады.
Метаболиттер. АҚ – тағам құрамынның тіршілік үшін маңызды компоненті. Кейбір АҚ-лар заттар алмасуына қатысады, мысалы, азоттың доноры (аспарагин, глутамин қышқылдары) қызметін атқарады. Протеиногендік емес АҚ-лар (аргинин, орнитин, таурин және т.б.) мочевина циклінде немесе АҚ-лардың ыдырауы (деградациясы) мен биосинтезі кездерінде аралық зат ретінде түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |