2 . Бета-қатпарлы құрылым немесе жазық беткей құрылымы. Бұл да - С=О және - NH-топтары арасындағы сутектік байланыстар арқылы қалыптасады. Полипептидтік тізбектің екі бөлігін қосады және бұл тізбектер параллельді немесе антипараллельді болуы мүмкін. Егер бұл байланыстар бір полипептидтің көлемінде түзілетін болса, онда олар антипараллельді, ал егер әртүрлі полипептидтер арасында болса, онда параллельді болады.
3
бета-құрылым
(антипаралельді)
. Ретсіз құрылымдар (синонимдері: ретсіз шумақтар, аморфтық аймақтар) – бұл полипептидтік тізбектегі әртүрлі бөліктердің бір-бірімен салыстырмалы түрде орналасуы ретсіз (тұрақты емес) сипатта болатын екінші реттік құрылымның қандай да бір шумақтық конфигурациясы. Ретсіз құрылымдар әртүрлі конформацияда кездеседі.
Әртүрлі протеиндердегі альфа-спираль мен бета-құрылымның сандық мөлшерлері әртүрлі: фибриллалық протеиндерде, негізінен, тек альфа-спираль немесе тек бета-қатпарлы құрылым, ал глобулалық протеиндерде – полипептидтік тізбектің кейбір фрагменттерінде альфа-спираль, бета-қатпарлы құрылым, ретсіз шумақтар кездеседі. Бір протеинде полипептидтік тізбектің барлық үш ықшамдалу тәсілдері бірдей кездесуі де мүмкін.
Глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы
Глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы – бұл құрамында альфа-спираль, бета-қатпарлы құрылым және ретсіз бөліктер (екінші реттік құрылым) болатын полипептидтік тізбектің АҚ радикалдары арасындағы әсерлесуден қалыптасқан кеңістіктік конформация болып табылады. Үшінші реттік құрылым әр протеин үшін уникальді, тұрақты, себебі бірінші реттік құрылым арқылы қалыптасады.
Үшінші реттік құрылым екі жалпы типтік конфигурациясы кездеседі:
Фибрилалық протеиндерде (мысалы, коллаген, эластин) – олдардың молекулалары созылыңқы формада болады және қалыпты жағдайда, ұлпалардың талшықтық құрылымын қалыптастырады. Оның үшінші реттік құрылымы үштік α-спираль түрінде (мысалы, коллагендегісі), немесе, β-қатпарлы құрылым түрінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |