Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет33/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Аналитикалық химия методичка

9.4 CO32- карбонат иондарының жеке реакциялары
9.4.1 Күшті қышқылдармен әрекеттесуі.

Реакцияның орындалуы

Бірінші сынауыққа 5-8 тамшы натрий карбонатының ерітіндісін құйып, оған осындай көлемде 1М. H2SO4 қосады. Сынауықты шыны түтігі бар тығынмен жабады. Түтіктің екінші шетін Ca(OH)2 немесе Ba(OH)2 бар екі сынауыққа салады. Екінші пробиркадағы ерітінді лайланады. CO2 көп мөлшерде бөлінетін болса, алдында пайда болған тұнба қайтадан еріп кетеді. Себебі, реакция нәтижесінде гидрокарбонат пайда болады.

CaCO3 + CO2 + H2O→Ca(HCO3)2 (45)

Екінші пробиркаға тағы да аздап Ca(OH)2 ерітіндісін құйса, сұйық мына реакция нәтижесінде қайта лайланады.

Ca(HCO3)2 + Ca(OH)2→ 2 CaCO3 + 2 H2O (46)

Ерітіндіде SO32- ионы болған жағдайда, ол SO32- - иондарын ашуға кедергі жасайды, себебі бөлінетін SO2 Ca(OH)2 немесе Ba(OH)2 ерітінділерімен әрекеттесіп, CaSO3 немесе BaSO3 тұнбаларын түзеді.
9.4.2 Барий карбонаты минералды қышқылдарда және CH3COOH-та ериді.

Реакцияның орындалуы

Сынауыққа 2-3 тамшы натрий карбонатын алып, оған 2-3 тамшы BaCl2 ерітіндісін қосады. Реакция нәтижесінде тұнба түседі. Тұнбаны екіге бөліп, бір бөлігіне сұйық HCl, екінші бөлігіне CH3COOH қосу керек. Тұнбаның ерігенін байқап , реакция теңдеулерін жазу.

Na2CO3 + BaCl2→ BaCO3 + 2 NaCl (47)

BaCO3 + HNO3→ Ba(NO3)2 + H2O + CO2↑ (48)

BaCO3 + 2 H+→ Ba2+ + H2O + CO2


9.4.3 CO32- - иондарын SO32- - иондарының қатысында анықтау.

Реакцияның орындалуы

Ерітіндінің 5-8 тамшысына H2O2 не KMnO4 құйып, осы ерітіндіге 10 тамшы қышқыл қосады.

CO32- және SO32- - иондарының қоспасына қышқылдармен әсер еткенде SO2 және CO2 газдары бөлінеді. SO2 ізбес және барий суымен ақ тұнба түзеді.

Бұл CaCO3 немесе BaSO3, демек бұл реакция CO32- - иондарын ашуға кедергі келтіреді. Сондықтан CO32- - иондарын анықтау үшін алдымен SO32—иондарын H2O2 не KMnO4-пен тотықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет