8.4 Ni2+ катионының реакциялары
8.4.1 NaOH, KOH, NH4OH әсерлері.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшы Ni2+ 2н. Сілтінің тамшысын қосады. Түзілген тұнбаға 25% аммиак ерітіндісінің 3-5 тамшысын қосады.
8.4.2 Диметилглиоксимнің (Чугаев реактиві) әсері.
Реакцияның орындалуы
Күлсіз сүзгіш қағазға 1 тамшы Ni2+ тұзы ерітіндісін тамызып, аммиак буында ұстайды. Таңқурай түсті дақ пайда болғанын байқау. Реакцияны сынауықтада орындауға болады. Диметилглиоксиммен Ni2+ нашар еритін таңқурай түсті комплексті қосылыс түзеді: Реакция рH=6-9 шамасында жүреді. Түзілген комплекс күшті қышқылдарда, сілтілерде ериді, бірақ аммиак ерітіндісі мен CH3COOH ерімейді.
8.4.3 (NH4)2S әсері.
Реакцияның орындалуы
Никель тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы (NH4)2S ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін көру.
8.4.4 K4[Fe(СN)6] әсері.
Реакцияның орындалуы
Никель (ІІ) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы K4[Fe(СN)6] ерітіндісін қосып, реакция нәтижесін көру. Түзілген тұнбаға аммиак ерітіндісін қосу.
8.4.5 Na2HPO4 әсері.
Реакцияның орындалуы
Зерттелетін ерітіндінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы Na2HPO4 ерітіндісін қосып, реакция нәтижесін байқау.
9 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
АНИОНДАР
Достарыңызбен бөлісу: |