8.3 Cu2+ катионының реакциялары
8.3.1 NaOH, KOH әсері.
Реакцияның орындалуы
Екі сынауыққа 2-3 тамшыдан CuSO4 ерітіндісін алып, 2-3 тамшы 2н.NaOH қосады. Тұнба түскеннен кейін 1 сынауыққа H2SO4, екінші сынауыққа 25% аммиак ерітіндісін қосады. Тұнба ериді, ал екінші сынауыққа комплекстің түсі қанық көк түсті болады.
8.3.2 Калий гексацианоферрат (ІІ) әсері.
Реакцияның орындалуы
Cu2+ ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы K4[Fe(СN)6 қосып қызыл-қоңыр түсті қосылыстың түзілгенін көру. Тұнбаны екіге бөліп, бөлігін 25% NH4OH, екіншісіне сілті ерітіндісін қосып тұнбаның ерігенін байқау.
8.3.3 H2S әсері
Реакцияның орындалуы
Мыс (ІІ) ерітіндісінің 1-2 тамшысына H2S жібереді, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеу.
8.3.4 Na2S2O3 әсері.
Реакцияның орындалуы
Мыс (ІІ) катионы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін, 1-2 Na2S2O3 тамшысын қосып, сынауықты 1-2 мин. қыздырады. Тұнба түзілгенін байқау.
8.3.5 KJ әсері.
Реакцияның орындалуы
Мыс (ІІ)ерітіндісінің 1-2 тамшысына 3-4 тамшы калий иодиді ерітіндісін қосу керек.
8.3.6 Металдық алюминийдің, темірдің, мырыштың әсері.
Реакцияның орындалуы
Мыс (ІІ) ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы 2н. H2SO4 ерітіндісін қосып, дербес Al(Zn,Fe) салады. Қызғылт түсті тұнба көрінгенін көру.
Достарыңызбен бөлісу: |