Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет34/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Аналитикалық химия методичка

9.5 PO43- - фосфат иондарының жеке реакциялары
9.5.1 Барий хлоридімен әрекеттесуі.

Реакцияның орындалуы

Сынауыққа Na2HPO4 ерітіндісі мен барий хлоридінің 5-10 тамшыларын алып, әрекеттестіру. Тұнбаның ерігіштігін тексеру.

BaCl2 натрий гидрофосфатымен ақ түсті BaHPO4 тұнбасын береді. Аммиак қатысында барий фосфаты пайда болады.

BaCl2 + Na2HPO4 + 2 NH4OH→ BaHPO4↓+ 2 NH4Cl + 2 NaOH (49)

HPO42- + 3 Ba2+ + 2 NH3→ Ba3(PO4)2 + 2 NH4+

Ba3(PO4)2 минералды қышқылдарда ериді.

Ba3(PO4)2 + 6 HNO3→ 3 Ba(NO3)2 + 2 H3PO4 (50)

9.5.2 AgNO3 әрекеттесуі.

Реакцияның орындалуы

Сынауыққа H3PO4 пен AgNO3 ерітінділерінің әрқайсысынан 5-10 тамшыдан алып, сары тұнбаның түзілгенін байқау. Тұнбаның HNO3 пен аммиак ерітінділеріндегі ерігіштігін тексеру.

Күміс нитраты фосфаттармен сары түсті Ag3PO4 тұнбасын түзеді. Ag3PO4 азот қышқылында, аммиак ерітіндісінде ериді.

Na2HPO4 + 3 AgNO3→ Ag3PO4↓ + 3 NaNO3 + HNO3 (51)

PO43- + 3 AgNO3→ Ag3PO4

Ag3PO4↓ + 3 H+→ 3 Ag+ + H3PO4
9.5.3 Магнезиялық қоспамен (MgCl2 + NH4Cl) әрекеттесуі.

Реакцияның орындалуы

Сынауыққа 2-3 тамшыдан MgCl2 мен NH4Cl алып, оған Na2HPO4 қосып, араластырып, 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосады. Ерітінді лайланады.

Магнезиялық қоспа натрий гидрофосфатымен әрекеттесіп, ақ түсті тұнба береді.

MgCl2 + NH4Cl + Na2HPO4→ MgNH4PO4 + 2 NaCl (52)

HPO42- + Mg2+ + NH4+→ MgNH4PO4


9.5.4 Аммоний молибдатымен әрекеттесуі.

Реакцияның орындалуы

Сынауыққа натрий гидрофосфатының 1-2 тамшысын алып, оған 5-6 тамшы концентрлі HNO3 қосып барып, 8-10 тамшы аммоний молибдатын қосады.

Концентрлі HNO3 еріген аммоний молибдаты фосфаттарымен аммоний фосформолибдатының сары түсті кристалдық тұнбасын түзеді:

Na2HPO4 + 3 NH4Cl + 12(NH4)2MoO4 + 24 HNO3

(NH4)3H4[P(Mo2O7)6] + 10 H2O + 24 NH4NO3 + 2 NaCl (53)

PO43- + 3 NH4+ + 12 MoO42- + 24 H+→ (NH4)3H4[P(Mo2O7)6] + 10 H2O

Тұнба түсу үшін реагент артық мөлшерде алынуы қажет, егер де фосфат иондары жеткіліксіз болса, тұнба түзілмейді, бірақ ерітінді сары түске боялады. Ерітіндіге кристалдық NH4NO3 қосылса, реакцияның сезгіштігі артады. Мұның себебі неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет