10.2 Br- ионының реакциялары
Br- ионы күшті бромды сутек қышқылының анионы, түссіз ион. HBr тұздарын бромид деп атайды. Бромидтер ішінде суда ерімейтін AgBr, PbBr2 тұздары. Бромид иондары қышқылды ортада тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді:
HBr – 2 е- → 2 H+ + Br2-
Бромидтер қасиеттері хлоридтерге ұқсас болады, бірақ бромидтер тотықтырғыш әсерінен тұрақсыз, тез тотығады. Br2/2Br- жүйесінің тотығу-тотықсыздану потенциалы 1,07 В, яғни бромидтер мен HBr хлорлы су, концентрлі H2SO4 т.б. тотықтырғыштар әсерінен тотығады.
2 HBr + 2 Cl2→ 2 HCl + Br2 (59)
10.2.1 AgNO3 әсері.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшыдан KBr мен AgNO3 алып, араластырып, тұнба түскенін байқайды. Оның NH3, (NH4)2CO3 ерітінділеріндегі ерігіштігін тексеру қажет.
AgNO3 + KBr = AgBr↓ + KNO3 (60)
Ag+ + Br- = AgBr↓
10.2.2 Хлор суымен әрекеттесуі.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшыдан KBr , H2SO4 сұйық хлор суын алады. Оған хлороформ (бензол) қосып, сілкіп араластырады. Органикалық еріткіштің қабаты қызыл түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |