орындары» кітабында Темір баба туралы мынадай деректерді келтіреді: «Темір
бабаның Бекет атамен аруақ сынастырғаны жӛнінде
аңыз бар, сондай-ақ Кендірлі
шығанағындағы тҥбек–тілшенің пайда болуы
туралы аңыз да осы кісімен
байланыстырылады. Кендірлі шығанағындағы осы тілше-тҥбек жӛнінде басқа бір аңыз
варианты бар: «Темір бабаның баласы суға кетіп ӛлгенде, қаншама діндар болғанымен
адам емес пе назаланып, қамшымен
теңіз толқынын сабалап, қарғыс айтқан деседі.
Сондағы қамшы тиген су айдыны ҧзын да, жіңішке тілше-тҥбекке, қҧрылыққа
айналыпты». Келесі бір аңыз: «Адайдан аруақты Бекет деген пір шығыпты дегенді
естіп, кӛрісіп,
сәлемдесіп, қасиетін кӛрейін деген мақсатпен тҥрікмен Темір баба
келіпті. Бекет малсыз жарлы адам болған. Келген қонағына далада жҥрген арқардың
қошқарын дҧғамен ҧстап алып сойып, қонақасын береді. Сҥйегіне тіс тигізбей, жинап
алып, терісіне қайта салып «уфу» дегенде арқар болып жҥре береді. Тҥрікменнің пірі
Темір: «адайдан аруақты пір Бекет шығыпты деп естіп едім, бҧл сиқыршы екен ғой»
деп Бекеттің аруағын сыйламай аққу қҧс болып ҧшады. Бекет те артынан аққу болып
ҧшады. Темір баба Каспий теңізіне кіре бергенде Бекет ата: «кері қайт, кәпірге жол
саласың» деп ҥш рет дауыстайды. Темір баба кейін қайтады. Фетисов (Кендірлі) пен
Жыланды тауының аралығындағы 20 км арал (тҥбек)
маңындағы теңіз айдыны
ортасында тҧщы су кӛзі бар делінеді (С.Қондыбай, 2000, 43).
Достарыңызбен бөлісу: