Бидайдыњ біртектілігін аныќтау


Тамақ өнімдерін тану мен идентификациялау әдістерін сипаттау



бет19/21
Дата29.03.2023
өлшемі455.5 Kb.
#471335
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
МУ на практ.занятие Экспорт

Сараптамалық жұмыс№14

Тамақ өнімдерін тану мен идентификациялау әдістерін сипаттау


Жұмыстың мақсаты – тамақ өнімдерін идентификациялау әдістерін игеру
Негізгі міндеттер:

Тағамдық өнімнің сапасын қамтамасыз етудің бір бөлігі идентификация болып табылады. Идентификация-тауарға сай мінездеме беру,маркілеуде көрсетілгендей немесе рұқсат етілген құжаттамадағыдай немесе басқа ақпараттағыдай талап етіліп жасалады. Тағамдық өнімнің идентификациясының функционалдық рөлі мынадай:
• Шикізаттың,тағам өнімінің аталуы,типі және тауар партиясы көрсетіледі;
• Ақпаратты тұтынушыға дұрыс жеткізу;
• Тауардың ұзақтығын бекіту;
Тауарлық идентификацияның субьектісі болып дайындаушы-шикізатты және жартылай фабрикатты қабылдап,өндірістік тағамдық өнім,сатушы-келісім бойынша сатып алу сату,тауарды қабылдау және сатуға дайындау,тұтынушы өнімді сатып алушы,тауар жөнінде ақпаратты білу және өзіндік тәжірбие.Идентификацияның аталуына байланысты мынадай түрлері болады:ассортиментті,сапалы,партиялы.
Ассортиментті идентификация-тауардың аталуына сай ассортимент мінездемесі талап етілгендей көрсетіледі.Бұл идентификацияның түрі экспертиза және тағамдық өнім сертификациясында ерекше мағына береді. Сапалы идентификация-бұл идентификацияның түрінде тағамдық өнімнің сапасы және стандартқа сай сапасы көрсетіледі.Бағаланған өнім қорытындысын идентификацияның мына түріне бөледі: -стандартты; -стандартты емес; Өнімнің тағамдық мақсатқа жарамды және жарамсыз болуы.Стандартты өнімді,тауарлық сортына сай маркілеу немесе құжатта көрсетілгендей етіп бағалайды.
Сәйкестілікті бағалау дегеніміз – сапаның нақты жеткен деңгейі мен қойылған талаптарды салыстыру.
Өнім сапасының сәйкестігін бағалау бойынша қызмет түрлері: сапаны бағалау, сапаны бақылау және сәйкестікті сертификаттау.
Өнім сәйкестілігін бағалау бойынша қызметтегі сәйкестендірудің орны.
Бағалау қызметтерінің түрлері ортақтық, және де түрлі белгілермен мінезделеді. Ортақтық екі алғашқы кезеңді – сәйкестендіру мен сынауды қамтиды. Бұл екі кезеңде сапа көрсеткіштерінің нақты мағыналары анықталып, тауардың түп нұсқасын растау үшін аналогтармен, әлде негізгі көрсеткіштермен, үлгілермен, эталондармен салыстырылады.
Қызмет түрлері былайша ажыратылады:
· сәйкестендіру мен сынауға таңдалған мінездемелердің (критерийлердің) номенклатурасы;
· бұл қызметті орындайтын субъектілер;
· бұл қызметтің құжат ретінде хатталған соңғы нәтижелерімен танысу.
Сапаны бағалау – бұл сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау бойынша операциялар жиынтығы, олардың нақты мағыналарын анықтау және негізгілермен салыстыру.
Сапаны бағалауды рыноктык қатынастағы әрбір субъект іске асыра алады: даярлаушылар, сатушылар, тұтынушылар.
Бағалаудың соңғы нәтижесі техникалық құжат үлгісінде (сапалық куәлігі, спецификациялар, экспертиза акті, қорытынды және т.б.) хатталуы мүмкін, және де құжаттардың жоқтығы да қабылданады, алайда тауарды сатушы немесе тұтынушының сатып алуына негіз болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет