Билет №18 Аңырақай шайқасы


Билет 21 1.Түргештердің шығу тегі мəселесі. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас



Pdf көрінісі
бет8/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Билет 18-35

Билет 21
1.Түргештердің шығу тегі мəселесі. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас
(751 ж.).
751 жылы Таразға жақын жердегі Талас өзенінің бойында, Атлах қалашығының
жанында арабтар мен қытайлар арасындағы 5 күнге созылған қанды қақтығыста
түргештер арабтар жағына шығып, жеңіске жетті. Түргештер үшін бұл
шайқастың маңызы алабөтен еді, яғни қытай əскерлерін түркі жерлерінен
қайткенде тастап шығуына мəжбүр ету болды. Осы шайқастағы арабтардың,
аббасиліктердің əскери қолбасшысы Зияд ибн Салих болса, қытайдың
қолбасшысы Гао Сян Чжи болатын. Ибн əл-Асирдің дерегі бойынша, бұл
соғыста 50 мың қытайлық өлтіріліп, 20 мыңы тұтқынға алынады. Ал қалғандары
бас сауғалап, кері қашты. Жетісу мен Мəуереннахрдағы халықтардың тағдыры
үшін Атлах түбіндегі шайқастың маңызы зор болды. Қытай əскерлері Жетісу
бойынан қуылып қана қойған жоқ, қайтқан жолында ұйғырлар мен
тибеттіктердің қысымына ұшыраған олар Шығыс Түркістанды біржолата тастап
кетуге мəжбүр болды. Арабтар да Талас өзені аңғарында көп тұрып қалмай,
Шаш қаласына қарай шегінді.
751 жылғы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның
тарихи, мəдени жəне саяси картасын өте қатты өзгерістерге ұшыратуға себеп
болды. Осы бір ірі мұсылмандардың жеңісінен кейін Таң патшалығы 1000 жылға
дейін Қазақ жеріне аттап баспаған болса, ал ислам діні бұл жерлерде кеңінен
тараған жəне қалалар аз уақытта əсем де көрікті болып дамыды. Бұл болып жатқан
мəдени өзгерістерге Аббаси халифатының қосқан үлесі өте көп...
Аббасилардың халифаты (751 - 1258 жж.) кезеңінде түркі халықтары түгел
дерліктей хақ дін Исламды қабылдады. «Шын мəнісінде Ислам дінін бірінші
Қарахандықтар қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін
Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара мен Самарқанды жаулап алды.
Басқа түркі халықтарының көпшілігі 1043 жылы қабылдады» дейді В.В.Бартольд.
Бірқатар деректерде түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы X ғасырдан бастау
алды десе, бір деректер VIII ғасырдан басталған дейді, өйткені 751 жылғы Атлах
шайқасында мұсылмандардың Аллаһтың көмегімен жеңіске жетуі түркілердің
ислам дінін қабылдауын тездетті. Осыдан бастап дінді қабылдаған халық сол
кездегі жаңадан пайда болған əлемдік мəдениетті дамытуға атсалысты.


Атлах сол кезде Талас өзенінің жағасында орналасқан Түргеш қаласы
болған.«Қытай əскері Талас бойында тас талқан етіп жеңілгеннен кейін, енді
қайтып түркілер еліне беттей алмады. Қытай əскері Талас бойындағы жеңілістен
соң өзінің Орта Азияға жүргізген экспанциялық саясатынан бас тартты. Ұйғыр мен
Тибеттіктердің қысымынан, Қытай тек Жетісу емес, шығыс Түркістан жерінен
кетуге мəжбүр болды. Арабтар бұл өңірде өз билігін жүргізе алмады. Түркі
империясы құлағанымен жер түркі халқының қолында қалды» дейді Зікірия
Жандарбек «Насабнама нұсқалары жəне түркі тарихы» деген еңбегінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет