Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол
Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мəдениеті, географиялық жағдайы
жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның
негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші
Бұхара) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін
жазды.
Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда жəне Англияда неміс жəне
ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын,
этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: