Билет №18 Аңырақай шайқасы


Ұлттық валюта-теңгенің енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы



Pdf көрінісі
бет20/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Билет 18-35

3.Ұлттық валюта-теңгенің енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де
басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол
кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, əлеуметтік
мəселелері жəне мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді.
Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1993 жылы
қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі,
кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем
құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961—
1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше
сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып
отырғанымызда жасырын емес. Əсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль
қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына
енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль
аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы
қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен
Монета сарайы болмады. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1,
3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тəжірибесі бар
ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кəсіп еткен «Харрисон жəне
оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды
Билет 26


1.Ноғай ордасы (Маңғыт жұрты) – XIV ғ. соңы – XV ғ.аумағы жəне этникалық
құрамы.
13 ғасырда Қазақстанның солтүстікбатысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі
құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық
қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында
қолбасшы болған адам. Ноғай əскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы
болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған –
Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз
алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың
ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде
шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір
бөліктері Кіші жүзге қосылды Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың
бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы
құрамына кіріп, Шайбани əулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға
заманындағы түрік шонжарлары əулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі
жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – ЧимгиТура
(Қызыл-Тура). 1428 жылы Əбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд
Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Əбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы
Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан
орыс патшасы III Иванмен сауда қарымқатынасын орнату мақсатындағы достық одақ
құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ
хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды. Қазақстан
аумағында Шыңғыс əулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық
қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі
жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі
этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы
көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы əсіресе көшпелі
өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп
жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа
да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға
байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстікшығыстағы өріс-қоныстары
Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында,
Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса
мырза, Жаңбыршы жəне басқалары Əбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды
жаулап алуға жəрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде
татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уəлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан
Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған. ХҮІ
ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы
дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы
(Еділдің шығысы) жəне Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста


ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді.
Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен
рөл атқарды. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі жəне халық өмірінің
оңалуы, Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай
одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар. т.б. Қазақ
хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан құшақ жая қарсы алды. Ноғай
ордасын билеушілерінің бірі Ысмағұл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп
мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағұл мырзамен соғысты бастайды.
Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. Хақназар хан Ноғай
ордасының ыдырауын пайдаланып, Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ
хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағұл мырза бастап, батысқа қарай ауған
ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан əрмен ығыстырып, ірге кеңейту
əрекетін жасады. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, жоғарыдағы шабуылдар
батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон
сахараларына қарай кетуіне себеп болған. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уəлиди:
«1969 жылы Шығай, Хақназар сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға
шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық
пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға
мəжбүр болды», – дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен
беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «Қазақтар мен
ноғайлардың ханы» деп атаған. Қазақ тарихында ең ұзақ билік құрып, орда шекарасын
Еділдің бойына дейін жеткізіп, Ноғай ордасын жеңген Хақназардың ұлт тарихындағы
орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет