Билет №18 Аңырақай шайқасы


Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет25/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Билет 18-35

3.Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік
басқару
жүйесіндегі
реформасы жəне оның үстірт сипаты.
1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады.
Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын
ілгері дамыту жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға əрекеттенді.
Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында
КОКП ОК Пленумында тың жəне тынайған жерлерді игеру туралы шешім
қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге
тапсырылды.
Бұл
шаруашылық
пен азық-түлік дағдарысын шешудегі
экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн.
гектар жер
жыртылды
, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру
жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2
млн. адам жаппай қоныс аударды. Нəтижесінде елдегі демографиялық жағдай
одан əрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін
төмендеп кетті.
1957 жылы шаруашылық реформасы бойынша экономиканы басқаруда
аймақтық принципке негізделген халық шаруашылық кеңестері құрылды.
Қазақстан 9 аймақтық халық шаруашылық кеңеске бөлінді. Елімізде 730
өнеркəсіп орындары іске қосылып жұмыс істеп тұрды. Қарағанды (1953 ж.),
Шымкент (1958 ж.) жəне Семей (1958 ж.) цемент зауыттары, Жезқазған мыс
байыту фабрикасы (1954 ж.), Шымкент гидролиз зауыты (1959 ж.) т.б. Халық
шаруашылығын дамытудағы 1957 жылғы реформа сəтсіз болды.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама
басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, əміршіл-əкімшіл басқару жүйесі
босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес жəне қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама
өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама
ой еркіндігін тұғызды. Нəтижесінде мыңдаған кінəсіз сотталған адамдар


лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды.
1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956
жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары
жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист
ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сəтбаев, М.Əуезов еліне
оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды.
Əйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тəртіпті сынға
алуы үлкен
ерлік болғанымен
, олар əбден орныққан əміршіл-əкімшілдік жүйені
толық жойған жоқ. Əлі де кінəсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік
патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз
еркімен
қосылғандығы
кеңінен
насихатталып,
қазақтардан
бірыңғай
коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында
қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов,
Ə.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов жəне т.б. алаш
қайраткерлерінің
қызметіне
саяси
əділ
баға
берілген
жоқ.
Ұлттық
республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы
бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жəне тағы басқа көптеген мəселелер
орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін
жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-əрекеттің жартыкештігінің
салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар,
қалмақтар
,
шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе,
ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз
автономиясын қайта құруға əкімшіл-əміршілдік жүйе тиым салды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия
ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын
күшейту жəне жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу
жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа
кезеңі
басталды.
Саяси
тұрғыда
басқаша
ойлаушылар
қоғамның
қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы
белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сəуір айларындағы
большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды.
Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” жəне
өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай
келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960
жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960
жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына
С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші
жіберілген хатта Шəкəрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған
жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар
одағының
қызметін қанағатсыз деп тауып
, ұлт мəселесін көтерушілермен


күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық
тіл ретінде көтеру мəселесі өте маңызды болды.
1957 жылы сол кездегi Кеңес Одағында бiрiншi басшы болған Н.Хрущев
шаруашылық реформа енгiздi. Реформаның басты мақсаты бiр орталықтан
басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйенi өзгертiп экономиканы басқаруды
жергiлiктi органдардың қолына беру болды. Халық арасында Хрущевтың
атымен аталған бұл реформа бойынша экономиканы басқаруды жергiлiктi
жерлердiң қолына беру мақсатымен экономика саласы бойынша құрылған
министрлiктердi, мемлекеттiк жоспарлау комиссиясын таратып жергiлiктi
жерлерде административтiк-экономикалық райондар құрылды. Бұл райондарда
экономиканы басқаратын халық шаруашылық кеңестерi /совнархоз/ құрылды.
Совнархоздардың қолына сол райондағы барлық шаруашылық объектiлерi
берiлдi. Совнархоздар өз қарамағындағы шаруашылықтардың өнiм өндiру, оны
сату мəселесiн өздерi шешетiн болды.
Қазақстанда облыстардың орнына 9 экономикалық-əкiмшiлiк район орнады. Бұл
шараның нəтижесiнде шаруашлықты басқару жергiлiктi жердiң қолына өттi. Бүл
əрбiр кəсiпорынның, əрбiр районның экономикалық ынтықтығын арттыруға,
сөйтiп ел экономикасын дамытуға мол мүмкiндiк ашты. Осы реформаның
нəтижесiнде 5-6 бесжылдық жоспар толық орындалды. 1964 жылы үкiмет
басына келген Брежнев 1957 жылғы реформаны тоқтатып бiр орталықтан
басқаратын жоспарлы экономикалық жүйенi қалпына келтiрдi. Бұл Кеңес
Одағында экономикалық тоқыраудың басталуына əкеп соқты. Мұны сезген
Кеңес Одағының Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Н.Косыгин 1967 жылы жаңа
реформа енгiздi. Ол жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың
артықшылығын ұштастырып ел экономикасын тоқыраудан құтқаруды көздедi.
Дегенмен Косыгин реформасы нəтиже бермедi де ұзамай тоқтатылды.
Соғыстан
кейiнгi жылдары Кеңес Одағының
, соның iшiнде Қазақстанның ауыл
шаруашылығының артта қалуы 50-жылдардың басында, əсiресе, егiншiлiк
саласында ерекше сезiле бастады. Кеңес Одағы өз астығымен қажеттiгiн
қамтамасыз ете алмады. 1953 жылы одақ бойынша 31 млн. тонна астық
өндiрiлдi, ал елдiң қажеттiгi 32 млн. тонна болды. Жетпегенiн шет елден сатып
алды. Кең байтақ, құнарлы жерi бар Кеңес Одағындағы мұндай хал ахуалдың
себебi, шешу жолы күрделi едi. СОКП бұл мəселенi тың игеру жолымен шешпек
болды.
1954 жылы көктемде болған СОКП Орталық Комитетiнiң пленумы Қазақстан,
Сiбiр, Едiл бойы, Солтүстiк Кавказда 1954-1955 жылдары 13 млн. гектар тың
жер игеру «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың жəне тыңайған жерлерді игеру»


туралы шешiм қабылдады. Кейiн бұл меже 30 млн гектарға көтерiлдi. Тың жер
игеруде Қазақстанның үлесi зор болды.
Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мəселесін шешудің
теориялық тұрғыда екі бағыты болды:
1.
Интенсивтік бағыт – экономиканы ретеудің нарықтық қатнасына көшу.
Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес
Одағында тың игеруге дейінгі астық өндіруде гектарына 1 центнерден
қосса, онда бұл өнім бүкіл игерілген тың жерлердің өнімімен пара-пар
болар еді.
2.
Экстенсивтік бағыт – астық
өнімін жаңа жерлерді жырту
, тың жерлерді
игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мəселесін шешуде Кеңес үкіметі
осы екінші жолды таңдады.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесiнiң өзгеруiне əсер еттi. Тың
игеру кезiнде Қазақстанннан тыс жерде өмiр сүрiп отырған қазақтарды келтiру
мүмкiндiгi туды, қазақ зиялылары сондай пiкiр де көтердi, бiрақ бұл пiкiр
ескерiлмедi. Қазақстанға тың игеруге 1,3 млн басқа ұлттың адамдары келдi.
Орталықтан 25 мың басшы қызметкер, 1,5 мың мұғалiм келдi. Олар жергiлiктi
кадрларды ығыстырды. Жергiлiктi жерлердегi қазақ мектептер жабылды,
мектептер жаппай орыс тiлiнде оқытты. Қазақ тiлiндегi газеттер жаппай
жабылды. Мұндай көрiнiстерге интернационализм мен ұлттар достығының
белгiсi, Қазақстан ұлттар достығының лабораториясына айналды деген лепiрме
баға берiлдi. Осылардың салдарынан қазақ халқы өз республикасында
азшылыққа айналды. 1959 жылғы санақта республика халқындағы қазақтардың
үлес салмағы /табиғи өсуi жоғары болса да/ 8% кемiп, 30 пайызға түсiп қалды.
Басқа ұлт өкiлдерiнiң үлес салмағы артты. Солтүстiк облыстардағы қазақтардың
үлес салмағы республикалық орташадан көп төмен болды. Жер су, қала, қыстақ
аттары орысшаланды. Аталмыш жағдайлар Қазақстан тəуелсiздiкке қол
жеткiзген соң ғана оңала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет