2.Алаш қозғалысы жəне ұлт мемлекет идеясы
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық
билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде
қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп
келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала
бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту
мəселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп
қарулы көтеріліс жолымен емес
, ұтымды
саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында
қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның əрекеттері
кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Бұл қозғалыстың басында
бірсыпырасы Ресейдің Санкт-Петербург, Мəскеу сияқты қалаларында оқыған, өз
заманына сəйкес жоғары білім алған,
озық ойлы Əлихан Бөкейхан
, Ахмет
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай жəне т.б. сол кездегі қазақтың
алдыңғы қатарлы зиялылары болды.Бұл құрылым 1917 жылдың 21-26 шілдесінде
Орынбор қаласында өткен бірінші Бүкілқазақтық съездің шешімімен дүниеге келген
тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» саяси партиясы болған еді. Қазақ қоғамының
сол кездегі саяси ойының бірден-бір жарқын көрінісіндей, халқымыздың төл
тарихында терең із қалдырған «Алаш» сияқты партияның сая-си сахнаға шығуы
патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының
терең дағдарысын көрсететін
,
сондай-ақ, қазақ қоғамын жаңа саяси-құқықтық, əлеуметтік-экономикалық жəне рухани
негізде
қайта
құрудың
қажеттігін
танытатын
факторлар
болатын.
Оның
бағдарламасының жобасы 1917 жылдың қараша айының 21-де «Қазақ» газетінде
жарияланды. Ұлттық даму мен ұлттық теңдік үшін күрес идеясына суарылған, өзінің
мазмұны мен саяси мəні жағынан бұрын-сонды қазақ тарихында болмаған бұл
бағдарлама жобасы кейін Алашорда автономиясы мемлекеттігінің басты құжатына
айналды. Дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің тəжірибелерін
тиімді пайдалана
отырып
,
бағдарлама
авторлары
тəуелсіздік
жолын,
демократиялық
дамуды
таңдайтындықтарын ашық айтты. Осыларды негіздейтін мемлекеттік-құқықтық
идеяларды ұсынды. Бұл мəселелердің бəрін жаңа партия кеңестік қан-төгіс, таптық
күрес жолымен емес,
ұлттық бірлік негізінде
, күрделі саяси реформа арқылы жүзеге
асырмақ болды. 10 баптан тұратын қысқа ғана бағдарламада қазақ даласының өзекті
мəселелері: сөз бен баспасөз бостандығы, жиналыс еркіндігі, тең құқықтық негізде
білім беру, оқу
орындарында ана тілінде оқыту
, дін ісінің мемлекет ісінен бөлектігі,
билік пен сот, ел қорғау, салық, жерді сатпау жəне т.б. идея-лар бар еді. Осылардың
ішінен ұлттық мемлекетке қатысты кейбір қағидалар туралы ойларымызды ортаға
салсақ. Алаш қозғалысының негізгі идеясы сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты
ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын.Алаш идеясының негізгі өзегі
болып табылатын мемлекеттілік дəстүрін
жаңғырту
, ұлт тарихын, тілін, мəдениетін
сақтау мəселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс
мəдениетіне назар аудара отырып, əлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тəжірибесіндегі
ең үздік əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады.
Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті.
Алаш идеясының негізгі ұстанымдары: біріншіден, Алаш зиялылары «жер
жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. «Жерсіз Отан жоқ» деді.
Екіншіден
, елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек. Үшіншіден, Қазақстан
Ресей империясының құрамына енуінен бастап қалыптасқан экономиканың шикізаттық
сипатынан бас тартып, «қазақ елі толықтай экономикалық тəуелсіздікке қол жеткізуге
ұмтылуы тиістігі» айтылды. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы
ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі болуы керек.
Бесіншіден
, ғылымға, ұлттық салт-дəстүрге
негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құру еді.
Алтыншыдан, қазақ жеріне түрлі жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін
ортақ Отаны Қазақстанда тұруға барлық кепілдіктер мен құқықтары
сақталынады. Мемлекет ғылымға негізделіп дамыған елдердің жетістіктерін үлгі
тұтуы қажет. Дін істері мемлекеттен бөлінген, зайырлы біртұтас демократиялық
мемлекет құру қажеттігі айтылды Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекет
құру еді. Алаш идеясының негізгі тұжырымдамаларының өзекті тұстарын
Қарқаралы
петициясынан,
«Алаш»
партиясы
бағдарламасынан
жəне
ұлттық-демократиялық қозғалыс ірі өкілдерінің еңбектерінен көре аламыз.
Олардың ішінде Əлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси тұрғыдағы ой-пікірінің
маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |