Билет №20
1.Батыс Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы жəне саяси тарихы.
Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуі- не қарамастан, Батыс
түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама сая си тəуелділікте болды, онда
өкімет билігі түріктердің қаған руы —ашиналардың қолында болды. Батыс түрік
қағанаты «ежелгі усун жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта
Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Қағанатгың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - «он тайпа» он-оқ будунның
мекендеген жері де осы еді. Сонымен катар ол Түрік қағанатының Шығыс
Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарканд, Маймург, Кеш, Нахшеб. Иштихан,
Кушания, Бұхара, Амуль жəне Андхой) отырықшы-егіншілік шүраттарындағы
басып алған барлық жерлерінің, мұрагері болды. Батыс түріктеріне тəуелді деген
аты ғана болған Соғды мен Бұхара- да да қағанның наместниктері, яғни,
дұрысырағы, оның өкілдері болды. Шаруашылық-экономикалық жағынан
алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі əдіспен жүргізуге
негізделген қоғамның жəне бұл кезде феодалдық қатынастар едəуір дамыған
отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық
қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс жəне
сауда бəсекелестігіне қарамастан (бəлкім, соның арқасында да болар),
феодалдық коғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі
ортасына, тиректер мен Алтайдын ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті.
Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) қағанатының халықаралық шаруашылық
жəне саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық
көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды»
қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік қағанатында болды. Қалалардың
соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей
дəрежеде шұғыл- данды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі
толықтыратын жəне біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас
шаруашылық-саяси орга- низмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да,
ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік
қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы
айналыс өрісіне тартылды. Қағанатта коғамдық-экономикалық қатынастардың
дамуы Евразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты
жүріп, феодал- дық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз
ерекшеліктері де болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы - қаған,
жоғарғы биле- уші, билеп-төстеуші, əскербасы болды. Ол нақты алғанда шығыс
түрік қағ- анатына тəуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін
не месе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзінде шығыс түріктері де өздерінің
інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік
бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмүк (ашна) фратриясының өкілдері
отыратын, бірақ бұл тəртіп түғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының
арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кез-
дерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардын екілеттік дəрежесі əр түрлі
болды. Қаған мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саяси істерінің бəріне бас- шылық
етті, ру басшыларын тағайындады. Ол əулеттік фратриялардан шыққан
шонжарларға сүйенді. Қағанаттың астанасы жəне қағанның қысқы ордасы Шу
аңғарындағы Суяб қаласы болды. Саяхатшылардың хабарлауына қарағанда,
Суябқа жақын жазғы резиденция —Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек
билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанатгың барлық жерінің иесі де болуы
мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын ала тын болсак) билік
негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына
жүргізілді. Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл
шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер көп бодцы.
Көшпелі қоғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік
үжымы жөніңце бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының
көшіп-қонып жүруі қағанатгың жоғарғы өкіметіне енжар қа- рсылық жасап,
қағанат əскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере кешіп кетуіне мүмкіндік
беретін еді. VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ордасында
бо- лған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы
туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген
саяхатшы аңшылар киімдерінің сəнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл
жібек желбегей киген, —дейді ол. —Оның қасына ерген екі жүзден астам
тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа
сарбаздары аң терісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген,
қолдарына айбалта, садақ, ту үстаған. Аттары өңшен, сайгүлік. Түйе, ат мінген
адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан əрі қаға- нның киіз үйі туралы
айтқанда, оның алтынмен сəнделгені соншалык, тіпті «көз қаратпайды» дейді
ол.Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы
лауазымдар - ябғу, шад жəне елтебер - қаған руының екілдеріне тиесілі еді;
оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот
қызметтерін бұйрықтар мен тархандар аткарды. Бектер —тайпа бастык- тары
мен өкілдері - жергілікті жерлердегі аксүйектер сословиесінің басты тірегі
болған.мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны
белгісіз, бірақ шығыс түрік əлеуметгік терминологиясына ұқсастырып, оларды
«қара будун» («тобыр», «кара халық») деп атаған деп топшыланады. Əлеуметтік
тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші
жағынан, оларға бағынышты, вассалдык, тəуелді тайпалар болып бөлінген.
Бағынышты тайпаларға жəне қарапайым көшпелі бүқараға жүктелген
міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты
міндеткерліктердің бірі əскери міндеткерлік (баскаша айтқанда «қанмен
төлейтін салық») болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша, вассал
тайпалардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының құрамына
кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі
бағынышты тайпалардың мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл
тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни
алғы шепке койылған. Бұл дəстүр барлық жерлерге тараған. Бағыныштылық
əрқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне
бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға
алынғандардан кұлдар тобы калыптасқан. Бірақ ертедегі түріктердегі «кұл»
деген терминді жалпыға мəлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл
тайпалар —үстем тайпаға мал жəне аң терісі т. б. түрінде салық төлеп түруға
міндетті вассал тайпалар. Түріктердің көршілес тайпаларға шапқыншылық
жасағандағы мақсат- тарының бірі құлдар алу болған, бүл орайда, əдетте, ұлдар
мен қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше
мың қыз баланы тұтқынға алғаны мəлім. «Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар
мен қыздар, яшма мен жібек —мұның бəрі қаған меншігіне түседі», —делінеді
сол кездегі құжаттардың бірінде. Түріктің Білге-қағанының 720 жылы
басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түріктер «олардың (басмылдар- дың)
ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты»деп хабарлайды. Деректемелерде
мұндай мəліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен от- басылы қауымда
əдетте «бала қылып алып», шаруашылыкқа пайдаланды. Мұның бəрі қағанатта
құлдықтың басқа түрлері болғанын (мысалы, ко- лөнерші, қала салушы т. с.
кұлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, бірак кұл еңбегін пайдаланудың
негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдЫқ деп есептеуге мүмкіндік береді.
Тəуелділердің тағы бір категориясы болды. Білге-қаған ескерткішінін
текстерінде бектерге жəне халықка арналған сөздер бар. Онда мынадай жол
кездеседі: «...менің шын жүректен шықкан сөзімді сендер (бəрін) осыған
(ескерткішке) қарай отырып, он жебе ұлдарына жəне олардың таттарына
жеткізіндер!». Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне тəуелді
Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес
тұрғындары айтылатын болуы керек; түрік қағандарына бағыныш- ты болған
бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған. Батыс түрік
кағанатында əлеуметтік-экономикалық жəне саяси қаты- настардың ала-құла,
үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі бо- луына қарамастан, Батыс
түрік кағанатында таптардын кұрылу жəне ерте- дегі феодалдық коғамдык
катынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. Батыс Түрік
қағанатының əлсіреуі мен ыдырауы Əлсіреу себептері Ішкі талас-тартыс «Он-оқ
бұдун» басқару жүйесі билікті күшейтудің орнына, керісіншн əлсірете
бастады.Билік үшін талас тайпалар арасында бұрынғыдан да күшейе түседі.
Əсіресе дулулар мен нушебилер арасындағы 640-657 жылдардағы ұзақ уақытқа
созылған тартыс қағандықты мүлде əлсіретті. Қытай империясының қысымы
Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуді басып алды.Қағандық өз тəуелсіздігінен
айырылды.Бұдан кейін де «Он-оқ елінің» өз еріктерімен ұйымдасқан əскерлері
қытай басқыншыларына қарсы бірнеше рет күреске шықты.Бірақ нəтижелі
жеңіске жете алмады. Ыдырауы 704 жылы Батыс Түрік қағанаты ыдырап, оның
орнына Түргеш қағанаты келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |