ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы,
астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды
құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан интеллегенция өкілдеріне де
Голощекин өртінің жалыны жетіп барды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы
«ұлтшылдарды»
қызметтен аластай отырып
, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен
бастап Мəскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау
шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында
А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда
отырды. Олардың төртеуі атылды,
біреуі конц-лагерьде өлді
, қалғандары он жыл
түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов,
Ж.Ақбаев жəне басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі
бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Əуезов, Ə.Ермеков жəне М.Жұмабаев
«ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы
мəлімдеді.
Достарыңызбен бөлісу: