билет бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек


-БИЛЕТ 1) Ішек өтімсіздігі.Түрлері. Клиникасы. . Диагностикасы. Емі. Алғашқы көмек



бет27/37
Дата18.06.2024
өлшемі109.92 Kb.
#502676
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Жауап хирург

13-БИЛЕТ
1) Ішек өтімсіздігі.Түрлері. Клиникасы. . Диагностикасы. Емі. Алғашқы көмек

Ішек өтімсіздігі- ауыр түрде өтетін ауру, асқазаннан тік ішекке баратын ішек сұйыктығының тоқтауымен сипатталады. Ішек өтімсіздігі -асқазан мен тік ішек арасындағы ішек құрамы қозғалысының бұзылуынан пайда болатын хирургиялық ауру. ЖІӨ 30-60 жас аралығындағы адамдар жиі ауырады

Этиологиясы.
Қауіп-қатер факторлар:
Туа біткен + жүре пайда болған анатомо- морфологиялық өзгерістері.
Іш қуыс ағзаларына жасалған операциялар,травма лық жарақаттар
Туындатқыш факторлар:
Ішектің шектен тыс қозғалуы, шажырқайының ұзын болуы
грыжалар
құрсақ қуысының адгезиясы
іштің қысымының күрт артуы
физ күштеме
бөгде затпен бітелуі


Ішек өтімсіздігінің жіктелуі:
1.Болғанына байланысты :
туа біткен, жүре пайда болған.
2.Даму механизмі бойынша:
Механикалық :
-Обтурациялық( ісіктермен, язвамен, өт тастарымен)
-Странгуляциялық( ішектердің оралуы ,қысылу)
-Аралас ( жабыспа ауруы)


Динамикалық:
-Паралитикалық( іш қуысына дасалған әртнрлі операциядан кейін)
-Спастикалық ( спазмдардың әсерінен)

Орналасуына байланысты:
- жоғарғы( жіңішке ішекте)
- төменгі ( тоқ ішекте)

Ішек өтімсіздігінің клиникасы.

Ауру көбінесе кенеттен басталады, шок жағдайлары болуы мүмкін. Іштің ауырсынуы толғақ тәрізді болады, нәжістің бөгелуі ауаның бөгелуі, жиналуы, көп түрдегі құсулар(нәжіс иісті) , тәбет төмендеуі.

Өтімсіздіктің деңгейіне байланысты нәжістің және желдің бөгелу белгілері байқалады

ЖІӨ-де іштің кебуі обтурацияның орналасуы және аурудың уақытына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Жоғарғы өтімсіздік жағдайда іштің кебуі аз немесе болмауы мүмкін, төменгі жақта байқалса соғұрлым көп жел жиналады.


3 кезңге ажыратылады.
1-кезең. *Илеусты айғайлау* кезеңнің басты белгісі болатын ауырсыну синдромы, ішектегі заттардың жүруінің жедел тоқтауымен сипатталады.(12- 14сағатқа дейін)

2-кезең. Интоксикациялық кезең (12-36 сағат) гемодинамикалық өзгерістер, ішекте қанайналымының, су-тұз, белок зат алмасу процесінің, нәжіс пен желдің толық тоқтауы, ағзада сусыздану болады

3-кезең. Кеш немесе терминальді *перитонит*
36 сағаттан соң дамиды. Функциональды өзгерістер тұрақты болады. Гемодинамика бұзылысының өршуі: пульсі жиі, кіші, АҚ қысымы төмен, тілі құрғақ, нәжіс иісті құсық, олигоурия, іші кепкен, перистальтикалар жоқ. Көптеген Клойбер табақшалары болады.

Жалпы қан анализі. Лейкоциттер формуласының солға ығысуы, ЭТЖ және гематокриттің жоғарылауы анықталады. Бұл дененің сусыздануының жоғарылауына байланысты, оған қарсы қан қалың болады.
Биохимиялық талдау үшін қан тапсыру. Талдау азот, мочевина, глюкоза деңгейін арттырады. Сонымен бірге калий мен натрийдің, кальцийдің, хлоридтің және ақуыздардың мәндері төмендейді.
Зәр бұлыңғыр және қара түсті болады. Зертханашы ондағы эритроциттер мен альбуминдерді анықтайды.
Коагулограммада қанның ұюы байқалады, протромбин индексі жоғарылайды, қанның ұю уақыты қысқарады.
РЕНТГЕН

Егер адамда ішек өтімсіздігін көрсететін белгілер пайда болса, оларды мүмкіндігінше тезірек медициналық мекемеге жеткізу керек. Науқасты дәрігер тексергенге дейін ол клизма жасамауы керек, іш жүргізетін, ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауға немесе асқазанды шаюға тыйым салынады. Емдеуді дәрі-дәрмекпен де, хирургиямен де азайтуға болады. Мұның бәрі аурудың ағымының ерекшеліктеріне байланысты. Динамикалық кедергі кезінде медициналық түзету мүмкіндігі бар, ал ішектің механикалық бітелуімен хирургтың көмегінсіз мұны істеу мүмкін болмайды. Көбінесе науқастың өмірін сақтап қалу үшін операция шұғыл түрде жасалады.


Емі

Интоксикациямен күресу, ішектің дұрыс қалыпты жүруіне шаралар қолдану
-Асқазанға активті аспирация жасау (Жуу, назо-гастральді зонд)
-Сифонды клизма
- Паранефральді тосқауыл
- Инфузиялы-дезинтоксикациялық ем (дегидратациямен күресу).

Ішек өтімсіздігінің қандай түрінде болмасын емді басында консервативті жолмен бастайды, ол кей жағдайларда науқасқа көмектесіп жатады, басқадай кезінде операцияға жүгінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет