Математиканы оқыту әдістемесі дамуының ғылыми бағыттары (229бет)
Математиканы оқыту әдістемесі пәні математиканы оқытудың заңдылықтарын, оның мақсаттары мен математикалық ғылымның дамуының қазіргі деңгейін зерттейтін педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде қарастырылатын, дидактиканың ажырамас бөлігі болып табылатын әдіснамалық ғылым. Яғни, математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар циклына жатады, сондықтан жалпы әдістемелік идеялар мен ережелер, ұсыныстар психологиялық дидактикалық тұрғыда негізделеді. Ол әдістемелік, теориялық, қолданбалы және жалпы мәдени құрылымдармен біте қайнасып, біртұтас білім жүйесі ретінде қаралады. Атап айтқанда, математиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар математика пәні теориясының негізінде ғана емес, математиканы оқытудын ажырамас теориясына сүйенеді. Сондай-ақ, Математиканы оқыту әдістемесі тек оқыту теориясы мен оқу пәні ғана емес, сонымен қатар 13.00.02 - "Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі” деп аталатын мамандық шифрына ие синтетикалық ғылым.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің дамуында жаңаша жолдарды іздестіріп, зерттеу жұмыстарын жүргізген отандық ғалым әдіскерлердің еңбектері мол. Олардың қатарында, матема- тиканы оқыту әдістемесі саласынан А.Көбесов, Б.Баймұханов, Б.Бидосов, А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, М.Есмұхан және т.б. атауға болады.
1998-1996 жылдары Білім министрлігі Жоғары аттеста циялык комиссиясының шешімімен Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде 18.00.02 - "Математиканы окытудын теориясы мен әдістемесі" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру туралы диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Кеңес төрағасы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Б. Баймұханов болды. Осы жылдары қорғалған диссертациялық жұмыстар негізінен Кенес Одағы кезінде жүргізілген идеология мен әдіснамалық тұрғыдын алшақтап кете алмады. Диссертация- лық жұмыстардың сүйенген өзектері мен алынған нәтижелері сол кезде Ресей Федерациясында қорғалған жұмыстарға талдау мен шолу жасаудың негізінде, ал кейбір жағдайларда жеке жұмыстар қазақ тіліне аударылып шектелумен болды. Әрине, бірен-саран еліміздің өдістемелік ғылымы негізінде жазылған жекеленген диссертациялық жұмыстар да кездесіп отырды.
1997-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде профессор А. Е. Әбілқасымованың төрайымдылығымен 13.00.02 - "Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (Математика, физика, химия)" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру туралы диссертацияларды қорғау жөніндегі Д14.08.05 диссертациялық Кеңес (бұдан әрі Кенес) жұмыс істеді. Кеңестің мүшелері Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның көрнекті ғалымдары физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Е.В.Коломеец, педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.А.Далингер, физика-математика ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор Л.М. Чечин, педагогика ғылымдарының докторы, ҚРҰА академигі, профессор И.Б. Бекбоев, педагогика ғылымдарының докторы, ҚРҰА корреспондент мүшесі, профессор Э.М.Мамбетакунов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор С.Е.Ерматов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.К.Ахметов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д.Б.Бабаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор В. П. Добрица, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.К. Қағазбаева және т.б. ғалым- әдіскерлер болды.
Достарыңызбен бөлісу: |