Билет билет билет


Көксу коорперативі банкіге 1000 сом ақша салды (6%-тен жылына). Кооператив жылына қанша өсім алып отырады?



бет23/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Билеты МОӘТ-2

3. Көксу коорперативі банкіге 1000 сом ақша салды (6%-тен жылына). Кооператив жылына қанша өсім алып отырады?
1000·6%=60
60 сом өсім алады
Жылдың соңында ақша 1060 сомға өседі
25 билет

  1. Бөлшек сандар арифметикасының тұңғыш төл оқулығы

  2. Математиканы оқыту әдістемесі дамуының ғылыми бағыттары

  3. Сабақ кассесінде 1 жылға берілген 1200 сом ақша 8% - тен қанша өсім береді?




  1. Бөлшек сандар арифметикасының тұңғыш төл оқулығы (76 бет)


Кәрім Жәленұлы 1888 жылы бұрынғы Орал облысы Жымпиты уезіндегі Байқұтты болысының 4 – ауылында дүниеге келген. 3 жылдық орыс – қазақ мектебін, 2 жылдық орыс – қазақ училищесін, Оралдың шаруашылық мектебін және реальдық әскери училищесін бітіріп, Воронеж ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1916 - 17 ж.ж. I дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ол 1917 жылы қазақ комитеті тарапынан майданнан шақыртылып алынып, Жымпиты уездік атқару комитетінің төрағалығына тағайындалады да 1920 жылға дейін осы қызметте болады. Осы кезеңдерде Алашорданың Батыс бөлімшесінің жүргізген саяси-қоғамдық және ағартушылық жұмыстарына белсене араласады.
К.Жәленұлы Алашорда таратылғаннан кейін, 1920 ж. маусым – қазан айларында Орынборда Қазревкомның хатшысы қызметін атқарады және сол жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтына оқытушылыққа шақыртылады. Осында жұмыс істей жүріп, 1922 - 1924 жылдары институт директоры қызметін атқарады. 1922 ж. халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында Халел Досмұхамбетовтің бастамасымен Ташкент қаласында құрылған «Талап» қауымына мүше болып, оның қызметіне белсене араласады.
Жәленұлы ұстаз - математик ретінде ана тіліндегі оқу құралдарын дайындауға көп еңбек сіңірді. 1923 ж. Ташкент қаласында оның «Есеп тану жобасы» және «Есеп тану. Бөлшек сандар» атты еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектері кейінірек қырғыз тіліне аударылып, қырғыз мектептерінде де негізгі оқу құралдары ретінде пайдаланылды. Кәрім Жәленұлы математиканы оқыту әдістемесі ғылымынан басқа салаларда да жемісті еңбек етіп, сол кезде Ташкент қаласында шығып тұрған «Сана», «Наука и просвещение» сияқты журналдарға мақалалар жазып тұрған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет