Билет билет билет


IV тарау "Протсент туралы"



бет26/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Билеты МОӘТ-2

IV тарау "Протсент туралы" деп аталған. "Бір санның жүздік үлесін протсент деп атайды. Протсент латын сөзi (procentum), қазақ тіліне аударғанда “жүзге” деген мағынада: бір нәрсенің өсімін, зиянын жүздеп санайды” деп, автор процент ұғымына өзінше анықтама береді. Бұдан кейін нақты мысалдар келтіре отырып, процент ұғымының мән-мағынасын ашады. Процентке байланысты 6 есеп қарастырады, шешуін көрсетеді. Оқу материалын қазақ оқушысына қиындық келтірмейтін жеңіл, қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндаған.
Соңғы V тарау «Метр қлшеуіштері» деп аталған. Тараудың басында «өлшеу» ұғымына анықтама, метр өлшеуіштер жүйесіне сипаттама берілген.ХХ ғасыр басындағы қазақ ғылымы мен мәдениеті үшін маңызы үлкен шаралардың бірі-метрлік өлшеуіштер жүйесінін енгізіле бастауы еді. Сондықтан сол кезең үшін аса күрделі осы сияқты мәселені көтере отырып, автор казак оқушысына метр өлшеуіштері жүйесі туралы мәліметтер беруге тырысқан. Ол метр өлшеуіштері жүйесінің енгізілуі туралы былай дейді: "Бұдан 130 жыл бұрын Франсиада ғылым адамдары кемесие болып жиналып, артып, кеміп, өзгеріп кетпейтін нәрсені Жердің мердиені деп тапқан. Сол Жердің мердиенін қырық миллионға бөліп, бір бөлімінің ұзындығын "метр" деп атаған".
Сонымен бірге, автор сол кезенде тұрмыста жиі қолданылған шақырым, вершок, дюйм, сажень, кез, фунт, ар, гектар, десятина, қадам, мыскал, пұт сияқты ескі өлшем бірліктеріне көңіл бөлуді де ұмыт қалдырмаған.
Қорыта айтқанда, оқулыққа жасалған мазмұндық-әдіс- темелік талдау оның төмендегідей негізгі ерекшеліктерін атап көрсетуге мүмкіндік жасады:
1) Оқулық қазақ тіліне икемделген араб графикасымен (Төте жазумен) жазылған.
2) Кітаптың мұқабасында: "Бастырушы: қазақ-қырғыз мәдениетін көркейтушілер қауымы “Талап" деп көрсетілген. Яғни, оқулық сол кезеңдерде Х.Досмұхаметұлының басқа- руымен Ташкентте жұмыс істеген “Талап” қауымы тарапынан басылып шыққан. Шынында да “Талап” қауымының 1924 жылдың 10 қаңтарындағы жалпы жиналысының хаттама- сында бұл оқулықтың “Талап" қауымы бастырып шығаруға тиісті, мектепте басшылыққа алынатын оқу құралдарының ең алғашқысы" екендігі атап көрсетілген.
3) Ол орыс тілінен атүсті аударыла салынған аударма емес. Сол кездегі Ресейде қолданылған арифметика оқулықтарымен салыстырып қарар болсақ, аталмыш оқулықтың олардан мазмұн жағынан да сапа жагынан да кем түспейтіндігін, математиканы оқыту әдістемесі ғылымының өз заманындағы талап-деңгейінде әзірленген төл оқу құралы екендігін байқауға болады.
4) Оқу құралы мазмұны жағынан қазақ халқының өмірімен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен және тұрмысымен байланысты материалдарға бай;
5) Қазақ оқушысына түсінікті болуы үшін, өте сәтті де аса қонымды қазақы терминдер қолданылған. Бұдан кейін оқу материалы "Шаршы өлшеуіштері”; “Аудан өлшеуіштері"; "Салмак "Ұзындық өлшеуіштері"; өлшеуіштері”; “Уақыт өлшеуіші” атты бес тақырыпқа бөлініп қарастырылған. Оқу құралынан қазақ тіліндегі әдістемелік математикалық терминологиямыздың қорына енген көптеген терминдерді кездестіреміз. Ендеше, бөлшек сандар арифметикасынан жазылған ең алғашқы оқу құралы болғандықтан, олардың көпшілігін ғылыми тілімізге енгізген К.Жәленұлы деп айтуға болады. Сонымен қатар, онда казіргі әдістемелік-математикалық тілімізді байыта түсетіндей терминдер де жиі ұшырасып отырады.
7) Оқу құралына жасалған талдау оның мұғалім басшылыққа алатын құрал, яғни мұғалімге теориялық және әдістемелік тұрғыда көмек беру сипатында әзірленгенін байқатады. Шындығында, ол кезде оқулықтар әдістемелік құрал кызметін де атқаратын, себебі оқыту барысындағы мұғалімнің іс-әрекеті негізінен алғанда, оқулықтың құрылымы бойынша анықталатын еді.
8) Кейбір деректер бойынша оқу құралы 1928 жылы "Эсеп тану" деген атпен қырғыз тіліне аударылып, қырғыз мектептерінде негізгі оқу құралдарының бірі ретінде қолда- нылған. Қырғыз педагогы Т.Абдукаримовтың зерттеулерінде онын "Мугалимдер үчүн методикалық қолдонмо” болғандығы атап көрсетілген.
К.Жален лының бұл оқу құралы әлі күнге дейін өз құнын жойған жок деп айтуға болады және ана тілінде математика оқулықтарын дайындау қызу қолға алынып жатқан қазіргі кезде біз одан көп нәрсені үйрене алар едік.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет