М.Иманжанов «Алғашқы айлар» повесі
17-билет
Балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың міндеттері, мазмұны мен әдістері.
сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үннен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. Балаға әңгімелеп айтуға оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы тиіс. Әрбір бөбектің күнделікті іс- әрекеті, неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата- анаға белгілі. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме – ертегілер, мақал – мәтелдер баланың әдет – дағдыларын тереңдете түседі. Шығарманың баланы отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата-анаға, айналасындағы үлкен кішіге, ата–әжесіне деген сүйіспеншілікке, мейрімділіке тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни, шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару қажет. Мұндайда ата – баба мұрасынан бізге жеткен тілек бата, өнеге – өсиетін оқып беруге болады. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекеті, көркем образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шынайлығына мән берген жөн.
1.Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі
18-билет
1. Балалардың сөйлеуін дамытуда дауыстап оқу мен жаттауды жаттаудың рөлі
Сөздік қорын дамыту,сөздің және байланыстырып сөйлеудің грамматикалық құрылысын қалыптастыру,есте сақтау қабілетін дамыту,сөздерді анық оқып оны сыртқа аита білу баланың сөйлеуін дамытуда өз үлесін қосады
Қ.Мырзалиев –философиялық-дидактикалық дәстүрді дамыта жырлаған ақын.
19-билет
1. Балаларға арналған көркем әдебиеттің рөлі және әдеби шығармаларды балалардың қабылдау ерекшеліктері
Оның зейін, қабылдау,таным әрекетін қалыптастырады.Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем,балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үннен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. Балаға әңгімелеп айтуға оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы тиіс. Әрбір бөбектің күнделікті іс- әрекеті, неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата- анаға белгілі. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме – ертегілер, мақал – мәтелдер баланың әдет – дағдыларын тереңдете түседі. Шығарманың баланы отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата-анаға, айналасындағы үлкен кішіге, ата–әжесіне деген сүйіспеншілікке, мейрімділіке тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни, шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару қажет. Мұндайда ата – баба мұрасынан бізге жеткен тілек бата, өнеге – өсиетін оқып беруге болады. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекеті, көркем образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шынайлығына мән берген жөн. Психологтардың дәлелдеуінше балалар, оқиғаның басталу, даму процесіне, оның себептеріне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр түрлі іс – әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп, қорытынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айрықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады. Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін, оның себептерін, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды көркемде түсінікті түрде суреттеп беретін шығарма шығарма баланы сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулиды. Оның зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |