билет Сөйлеуді дамыту әдістемесінің пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы

А.Байтұрсыновтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары

бет7/14
Дата15.09.2022
өлшемі62.01 Kb.
#460769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
сұрақтар емт (2) (1) (2)

А.Байтұрсыновтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары

13-билет
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту.
Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогты және монологты сөйлеу болып екіге бөлінеді. Диалог гректің dia – бірнеше және logos – сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінің сөйлеуі дегенді аңғартады. Шынында, диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алыпотырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі.
Диалогты сөйлеу тіліне практикалық тұрғыдан үйренуге тиісті орындарды пайдаланып отырған жөн. Ал арнайы ұйымдастырылатын қазақ тілі материалдарын оқыту үдерісінде балалардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын арттыру мақсаты іске асырылады.
Бұл мақсатта балаларға мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, тірек сөздер жиынтығын бекіткен соң өзара тілдік қатысымға түсіру, тілге үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон, телеграф, теледидар ойындарын ойнату, әр түрлі тақырыптық әңгіме-сұқбат, саяхат, мұражай қызметкерлері туралы сахналық қойылымдар сияқты әңгіме әдістері арқылы балалардың сол нысандарға деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме - диалог сөйлеудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі практикалық жұмыс жүйесі үшін пайдаланылады.
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты сөйлеуге үйрету әдісі.

3-4 жастағы балалардың тілдік ерекшеліктерінің бірі–тілдік міндеттердің бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір деңгейде дамып келе жатқан балалардың өзінде бір-бірінен айырмашылықтар байқалады. Себебі балаларға берілетін дидактикалық материал балалардың психикасының осы құпия кезеңінде өте әсерлі болуы керек.
Оның бейнелеп, әсемдеп сөйлеуіне алғы шарт болатын үлкеннен естіген әсерлі әңгімесі, айналадан көрген әсем табиғат сұлулығы, суреттің таңғажайып колориті, персонаждардың айқын көңіл-күй, қимыл-әрекеттері –бәрі-бәрі ықпалды болса, бір баланың тілін екіншісінен артық етеді. Бала өмір сүретін әлеуметтік орта әсері оның қандай мозаика сала алатынын, қандай суретті қабылдап ой түйе алатынын үйрететін болады. Зерттеушілердің айтуынша, үлкендер балаларға осы жаста мазмұнды, әсерлі ынтымақтастық құра алса, баланың әңгімелеп сөйлеу тілі бірден қалыптасады. Бұл жетістік баланың 5 жасындағы монологты сөйлеуін, 6 жаста кез келген тақырыпқа әңгіме құрастыра алуын еркін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл кезеңде-тілі ана тілінде шыға бастаған балалардың тілдік дамуының деңгейлік кезеңдері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін қазақша дамыту алдымен тәрбиеші-педгогтің өз сөзінің мәнеріне, тілінің тазалығына, мәдениетті сөйлеу қабілетіне байланысты. Бала тілінің дамуына тікелей басшылық жасау үйретушінің өз кәсібіне деген қызығушылығы мол болуы үшін оның теориялық білімі тереңдетіліп отыруы керек. Өкінішке орай, ана тіліміздің даму барысын ғылыми негізде сипаттап жазған еңбектер бүгінде шамалы, ал суреттер топтамасы енді ғана шығарыла бастады.
4-ке қараған балаға берілетін тапсырманың күрделігі тәрбиешінің оған көмекке келуімен жеңілдетілгенмен, әр баланың жеке мүмкіндіктері әр түрлі болатындықтан, көптеген мәселелерді ескеруге тура келеді. Алғашқы сабақтардың өзінде тәрбиеші балаларды еркін түрде жауап қатуға тартады.
Оларға өз тұрмысы, жақын адамдарының еңбегі, оларға көмегі жайында айты берулерін сұрайды. Жекелеген заттарды, жеке заттар салынған суреттерді сипаттауға баулиды, «сөз» туралы, «дыбыс» туралы түсініктер береді.
Сөз ішінен белгілі бір дыбысты дәл табуға үйренеді. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуы кезінде балаларға түрлі ойыншықтар беріліп, үстелдің жанына келіп оларды сипалап, қозғалтып сөйлеулеріне еркіндік беріледі. Балалар топтағы картиналар топтамалары бойынша әңгіме құрастырады.

  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет