билет Сөйлеуді дамыту әдістемесінің пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы


С.Бегалин шығармаларындағы түйінді ойды анықта, шығармаларының тәрбиелік мәні



бет9/14
Дата15.09.2022
өлшемі62.01 Kb.
#460769
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
сұрақтар емт (2) (1) (2)

С.Бегалин шығармаларындағы түйінді ойды анықта, шығармаларының тәрбиелік мәні



16-билет
1.Балаларды әңгімелеуге үйрету әдістемесі. Әңгімелеу түрлері, әдістері мен тәсілдері
Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын айтып жәнеде тілдік формасын анықтау қажет.
Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.
теу және сюжетті болады.
Әңгімелеудің түрлері:
Суреттеу - бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: «Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай.».
Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.

Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.


Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.
Әңгімелеуге үйрету әдістері:
Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).
Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.
Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету..



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет