билет Сөйлеуді дамыту әдістемесінің пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы


-билет 1. Балаларды сауаттылыққа дайындаудың тиімді технологиялары



бет12/14
Дата15.09.2022
өлшемі62.01 Kb.
#460769
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
сұрақтар емт (2) (1) (2)

21-билет
1. Балаларды сауаттылыққа дайындаудың тиімді технологиялары
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;


Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту т ехнологиясы . Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;


оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

  1. Балаларға арналған жамбыл поэзиясының тәрбиелік мәні. «Ата әлдиі», «Жүз жасаған жүректен», «Ленинградтық өренім» өлеңдері


22-билет
1. Балалардың сөйлеуін дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру формалары.
Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.

Зайцевтің әдістемесі үш жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. Зайцевтің белгілі текшелерінде ағылшын алфавитінің де әріптері пайда болды



  1. Ж.Нәжмеденовтің проза жанрындағы қажырлы еңбегі



23-билет
1. Театрландырылған қойылымдар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту.
Театрландырылған қойылымдар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту.
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.
Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатаын болсақ;
-Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі –қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Театр түрлері:
Қуыршақ театры.
Саусақ театры.
Көлеңке театры.
Ойыншықтар театры.
Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.
Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
-Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
-Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. \қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\
-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет