313
- Нашар іс-тәжірибе ол қандай?
- Мен бірлескен жұмыс үшін қаншалықты жақсы мүмкіндіктер
бере аламын?
- Мен басқаша қалай жасай аламын?
- Әріптестеріммен бірге жұмыс жасауымды дамытуға көмектесу
үшін не істей аламын?
- Мен бұны маңызды деп санаймын ба? Неліктен? Не себепті олай
ойлаймын?
- Мен іс жүзінде зерттеу деген не екенін түсінемін бе? Қалай?
- Мен зерттеуге қалай адалмын? Бұл менің іс-тәжірибемде
қалай
көрініс табады? Мен басқаша не істей аламын?
- Мен оны дамыту үшін кіммен жұмыс істей аламын?
- Мен қандай біліммен айналыса аламын? Мен қандай кәсіптік білім
ала аламын? Неліктен? Бұл мен үшін қаншалықты пайдалы, қаншалықты
маңызды?
Мұғалім бойындағы құндылық ол – өзінің қызметіне материалдық игілік
ретінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың мамандыққа рухани-
адамгершілік қатынасы мен өзінің қызметінің
әлеуметтік маңыздылығын
түсінуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті педагогикалық ұжымның құндылықтары ретінде
топтық құндылықтарға жатқызуға болады, өйткені мұғалімдер ұжымдағы
туындаған жағдайларға объективті түрде қарап, мәселелерді дұрыс шешуі
керек. Мұғалім, білім алушыларды әділеттілікке үйретумен қатар оларға үлгі
болуы керек.
Педагогтің әлеуметтік құндылықтары
жалпыадамзаттық құндылықтар
ақиқат, жақсылық, сұлулық т.б. болып табылады, олар бүкіл адамзат үшін
маңызды, қоғамның барлық мүшелері арасындағы руханилықты,
еркіндікті,
теңдікті дамытуға бағытталған [44].
Осылайша, педагог оқу-тәрбие процесінің негізгі тұлғасы және білім
алушылардың құндылық бағдарының қалыптасуына ықпал етуші. Қазіргі
уақытта мұғалімнің педагогикалық құндылықтар жүйесін қолдануы маңызды
және оның қызығушылықтары мен мінез-құлқы
педагогикалық қызмет
саласындағы көзқарасы мен мотивациясына тән, өйткені олар педагогтің жеке
тұлғасын қалыптастыруда негізгі рөл атқарады, адамның мінез-құлқын
реттеудің жоғары деңгейі ретінде әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: