314
құралдарды
пайдалана
отырып,
көптеген
өнертабыстар
мен
шығармашылықтарды көрсетуде. Музыкалық үйірмелердегі сабақтарда балалар
домбыра, қобыз, шертер және басқа да
музыкалық аспаптармен танысады,
қазақтың салт-дәстүрлі әндерін айтады, әуендерді тыңдайды. Қолданбалы
шығармашылық
үйірмелерінде
ұлттық
киімдермен,
ою-өрнектермен,
тұрмыстық заттармен танысу жүргізіледі. Балалар ұлттық киімдер, тұрмыстық
заттар, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылатын
ұлттық қолданбалы
шығармашылық көрмелерін ұйымдастыруға қатысады. Балалармен жұмыс
жасауда «Бас бармақ», «Ақсүйек», «Хан», «Теңге алу» «Асық» және т.б. қазақ
ұлттық ойындары кеңінен қолданылады.
Бастауыш мектеп жасында бала сыртқы әсерлерге өте сезімтал. Ол
қоршаған әлемнің бояуларына,
дыбыстарына, пішініне белсенді жауап
береді. Дәл осы жаста адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың
негізі қаланады, ол ұлттық дәстүрлерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектеп кезеңінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту
үшін зор мүмкіндіктері бар. Өзін-өзі дамыту
қажеттілігі баланы белсенді
әрекетке итермелейді, бұл оны халық шығармашылығына қатысуға тартуға
оңтайлы жағдай туғызады.
Мектепте ұлттық салт-дәстүрлерді берудегі тәрбие түрлерін
төмендегідей топтастыруға болады:
- Отбасындағы салт-дәстүрлер;
- Адамгершілік қасиетке байланысты салт-дәстүрлер;
- Еңбекке қатысты салт-дәстүрлер;
- Ойын-сауық салт-дәстүрлері;
- Қол өнерге байланысты салт-дәстүрлер;
- Сұлулыққа байланысты салт-дәстүрлер;
- Ақыл-ой тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- Дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- Ерлік, батырлыққа байланысты салт-дәстүрлер;
- Шығармашылық
қабілеттерін
дамытуға
байланысты
салт-
дәстүрлер.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын ойната отырып,
ұлттық рухты
қалыптастыру.
Міндеттері:
- ұлттық ойындар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа,
ептілікке, көрегенділікке және күштілікке
тәрбиелеу;
- оқушылардың патриоттық сезімдерін, адамгершілік қасиеттерін ояту;
- бірлестікке, татулық пен достыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Күтілетін нәтиже:
1. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін біледі;
2. Ұлттық ойындардын ойнау ережесін біледі;
3. Ұлттық ойындар атауын айта алады.
315
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын топтарға бөлу.
Ойын: «Кім жылдам» тақтада ілінген сөзжұмбақты шешу арқылы ұлттық
ойындардың атауын табу, есте сақтау.
ІІ. «Көкпар» сайысы
Топпен орындалатын тапсырма:
1.
Тақтаға сандар ілінеді, әр санның артында ойын шарттары жазылған.
Тапсырма: қай ойын түрі айтылып тұрғанын табу керек. Әр топ 3 сұраққа жауап
береді. Жауап берген соң, дұрыс жауабы сурет түрінде көрсетіледі.
2. Ұлттық ойындардың аты жазылған қағаздың ішінен әр топ біреуін
таңдап алады. Ойынның шартын түсіндіріп өтеді.
Топпен ақылдаса келе, сол
ойын түрін ортада ойнап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: