Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет140/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Мысалы: «Өзін-өзі бағалау шеңбері» әдісі 
«Құндылықтар» 
Шеңберді пайдалану. 
Нұсқау: шеңбердің әр нүктесін кезекпен қарастырыңыз. Сіз бұл туралы не 
білесіз немесе түсінесіз? Бұл сіздің тәжірибеңізге қалай енеді? Өзіңізді қалай 
бағалайсыз? Неге? Не себепті солай ойлайсыз? 
Әдіс барысында төмендегі мәселелерді талдап, өз орныңызды белгілеңіз. 
1. Негізгі аспектілер ретінде кәсіби және бірлескен іс-тәжірибеде үздіксіз 
зерттеуге, оқуға, кәсіби даму және көшбасшылыққа ұмтылу; 
2. Кәсіби қызметтің барлық аспектілеріне қатысу, тәжірибеде білім беру 
қоғамдастықтарымен бірлесіп жұмыс жасау; 
3. Қауіпті және қауіпсіз ортада мотивацияны ұстану және білім 
алушылардың шабытын қолдау, оларды әлеуметтік және экономикалық 
контекст, жеке тұлғалық және білім берудің нақты қажеттіліктерін қамтамасыз 
ету;
4. Мәдениетті дамыту үшін «Сенім» мен «Құрмет» негізінде әрекет ету; 


309 
5. Жеке және кәсіби көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен 
тәжірибені жақсарту және қажет болған жағдайда трансформациялық 
өзгерістерге байланысты сыни тұрғыдан зерттеу
6. Жеке және кәсіби көзқарастар мен сенімдерді, болжамдар мен кәсіби 
тәжірибені байланыстырып сыни тұрғыдан зерттеу; 
7. Барлық білім алушылардың құқықтарын құрметтеу және олардың 
бойындағы құқықтарына қатысты шешім қабылдауда және оқытуда адалдық, 
батылдық пен даналық және олардың әл-ауқатын қолдауда ашықтық көрсету
8. Білім алушыларды оқу тәжірибесі мен нәтижелерін нақты шешім 
қабылдауға жетелеу, проблемаларды жақсарту үшін адалдық көрсету; 
9. Әлеуметтік жағдайды бағалау және құрметтеу, мәдени, ұлттық 
экологиялық әртүрлілік және жаһандық азаматтықты ынталандыру; 
10. Демократиялық қағидаттарды ұстану және әлеуметтік әділеттілік 
ашықтық, инклюзивті және тұрақты саясатты іс- тәжірибе арқылы орнату
11. Әлеуметтік құндылықтарды тұрақтылық, теңдік және әділетті білім 
беру, салт-дәстүлер мен әдет-ғұрыптар негізінде тәрбие мәселелерін қамту; 
Құндылықтар белгіленген өзін-өзі бағалау шеңбері әдісінде стандарттар 
жиынтығына енгізілген құндылықтарды төмендегідей сипаттауға болады: 
- әлеуметтік әділеттілік
- тұтастық; 
- сенім мен құрмет; 
- кәсіби міндеттеме 
- ұлттық бірегейлік 
- ұлттық дәстүр мен ғұрып. 
Олар әр түрлі элементтерге бөлінеді, осы берілген құндылықтарды 
зерттей отырып, сіз өзіңіздің қазіргі жағдайыңыз туралы тереңірек және мұқият 
ойлана аласыз. 
Құндылықтар шеңберінің мақсаты: 
- өз ойыңызды талдап, нақтылауға, ойларыңызға, наным-сенімдеріңіз
бен тәжірибеңізге құндылықтар қалай әсер ететінін және қандай кәсіби білім 
мен іс-әрекеттер қабылдауға болатынына мүмкіндік береді. 
Төмендегі сұрақтар мен кеңестер сіздің құндылықтар туралы ойыңызды 
жүйелеу үшін пайдалы болуы мүмкін: 
- Мен құндылықтардың қай саласын ең қиын деп санаймын және
неге? Не себепті? 
- Менің құндылықтарым үнемі кәсіби қызметте көрініс табады 
ма? Оларды әрі қарай жүзеге асыруда қалай қолдануға болады? 
- Осы саладағы тәжірибеңізді қалай сыни тұрғыдан түсінуге болады?
Осы салада одан әрі ілгерілеу үшін алғашқы қадамым қандай болуы керек? 
- Менің сыныбым немесе мектебім әділеттілік пен теңдік
қағидаттарына негізделген бе? Менің үлесім қандай? 
- Менің қазіргі тәжірибем қандай және оны қалай жақсартуға болады? 
- Білім алушыларға деген құрметімді қалай көрсетуге болады және
оларға білім беру мен қажеттіліктер туралы шешім қабылдауға қалай бағыттай 
аламын? 


310 
- Әріптестеріммен қалай бірлесіп жұмыс істеймін және сыни көзқарас
үшін қандай мүмкіндіктер жасай аламын? Оқытуда бірлесіп жұмыс істей 
алатын басқа серіктестерім бар ма? Олар кімдер болуы мүмкін? 
- Мен сыныптан немесе мектептен тыс араласатын жастарды
сыни ойлауға шақыра аламын ба? Оны қалай жасай аламын? 
- Келесі 3-6 айда қандай әрекеттер жасаймын және мен негізгі
мақсаттарға қалай қол жеткіземін? Келесі жылы мен осы салада қандай нәрсеге 
қол жеткізгім келеді? Жетістікке қалай жетуге болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет