337
сабақтастығын сезініп, ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты есте
сақтау керек.
Өткен ғасырдың орта тұсында ұлттық өркениет қорына елеулі үлес
қосқан ойшылдардың бірі ұлт тәлімінің дүлдүл
жаршысы Дулат Бабатайұлы
отбасы тәрбиесінде еңбек ете білудің тәлімдік маңызын қазақ жағдайында күн
тәртібіне ерекше мән беріп қойған ақын. Ол кімде-кім шама-шарқынша
еңбектенсе өзін де, бала-шағасын да тарықтырмайды, еңбек адамды іздеген
мұратына
жеткізеді, өнерлі болуға жетелейді, бір сөзбен айтқанда, ол адамды
кісілікке, имандылыққа баулиды – деп түйіндейді. «Жігітке жетпіс өнер де аз»,
«Өнерді үйрен де жирен», дегендей ұсталық, зергерлік өнердің адам өміріндегі
маңызына тоқталып темірден жасалатын сан-алуан құралдардың тірішілік үшін
аса
қажетті бұйымдар екенін айтып, жастарды еңбексүйгіш, өнерлі азамат
болуға шақырады.
Майлықожа өлеңдерінде халық педагогикасының қаймағы болып
табылатын мақал-мәтелге айналған аталы сөздер көптеп кездеседі. Мысалы,
«Жақсының жолы жарық күн, жаманның жолы көмескі», «Ерінбей бейнет
еткеннің, еңбегі дейді жанады», «Өңкей жақсы қосылса, бітіреді кеңесті. Өңкей
жаман қосылса шығарады егесті» т.с.с. Осы
арқылы ақын жастарды ойы
орамды, тілге бай, өнерлі -өнегелі етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Қазіргі жастар
асыл ойға құрылған сөз маржандарын біліп қана қоймай, оларды өз бойларына
дарытатын болса, онда жан-жақты өскен елдің өнегелі азаматы болары даусыз.
Құрсақ тәрбиесі. Дана халқымыздың бала тәрбиесі оның анасының
бойына бітуімен басталады деген көрегендігі бар. Көреген аналарымыз бала
бойына біткеннен бастап, олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін, болашағын
болжай білген көрінеді. Сәби еңбектей бастаған кезде жар жағалап, бор жалап,
топырақ жейтіні белгілі. Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп,
қызыл
ірімшік жегізеді. Халық түсінігі бойынша – «ақ ірімшік жеген әйелдің
баласының сүйегі бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік
болады». «Бір отбасында дүниеге келген балалардың ақыл-ойы,
мінез-құлқы,
кескін-келбеті, қабілет-икемі неге әр түрлі болады?» – деген сұрақты егер ата-
аналарға қойсақ, олар «кейбір балалар нағашыларына, кейбір балалар
өздерімізге тартқан», – деп жауап қайырады. Оның шын сыры балалар құрсақта
жатқанда әр түрлі тәрбие алғанынан екенін халқымыз жақсы білген: егер
құрсақта жақсы тәрбие берілсе, ол бала келешекте ақылды, келбетті, сымбатты,
қабілетті болады, керісінше құрсақта жақсы тәрбие берілмесе басқаша болып
өседі
Достарыңызбен бөлісу: