415
байланысты.
Ұсынымдар: мұғалімге (сынып
жетекшісіне, мұғалімге) ұсынылған
жобалар мен мектеп оқушыларының жоспарлары оқу жылы ішінде әркімнің
шығармашылық есептері түрінде талқыланатындығына нұсқау беру керек.
Мұны тек сынып сағаттарында ғана жасауға болмайды. Мектеп оқушыларының
ата-аналарын, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, заңгерлерді, жұмыс
берушілерді, қоғам өкілдерін және т.б. шақырумен шағын фестивальдер,
идеялар калейдоскоптарын, қоғамдық байқаулар ұйымдастыруға болады.
Сондықтан жастардың жоспарлары мен жобаларының
нақты және қолжетімді
мақсаттарға ие болуы өте маңызды.
Мұғалім (сынып жетекшісі) сабаққа әріптестерін, ата-аналарын, қоғам
қайраткерлерін және т.б. шақыра алады. Сонымен бірге,
интерактивті сабақ
басталғанға дейін ол сабаққа шақырған адамдармен кездесіп, олармен
мәселелерді талқылау стратегиясын, шақырылған қонақтардың пікірталасқа
қатысу тактикасын құру керек (қонақтар үшінші
тарап бақылаушылары емес,
белсенді қатысушылар болуы керек).
Жалпы, интерактивті сабақ басталмас бұрын мектептің педагогикалық
ұжымына бейне қатарды қарап, сабақ өткізудің мүмкін нұсқаларын талқылаған
жөн. Бірақ сабақ әр сыныпта бөлек өтуі керек, сыныптарды параллель
біріктіруге жол берілмейді.
Бұдан басқа, мұғалімге (сынып жетекшісіне) сабақ басталғанға дейін
ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның
Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және
«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын тағы бір рет
зерделеу ұсынылады.
Назар аударыңыз!
Мұғалімге (сынып жетекшісіне, мұғалімге, кураторға) осы ұсыныстардың
басында көрсетілген интерактивті сабақ идеясы (педагогикалық мақсат) білім
алушылармен талқыланатын тақырып емес екенін есте ұстаған жөн: бұл
мұғалім үшін нұсқаулық.
Интерактивті сабақтың мақсатын айтуға болады және айтқан қажет, ол
мұғалім мен білім алушыға ортақ болуы керек.
Талқылауға және жалпы интерактивті сабаққа уақытты мұғалімнің
(сынып жетекшісінің,
оқытушының, куратордың) қалауы бойынша ұзартуға
болады – бұл қолайлы.
Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарына түсініктемелер:
Бірінші қағидат зияткерлік өнімдерді өңірлік және жаһандық нарықтарда
ілгерілету идеясымен байланысты. Бұл жаһандық бәсекеге қабілеттілік
индексімен анықталады – ЖБҚИ. Бүгінгі күні ол 12 құрамдас бөлікке бөлінген
114 көрсеткіш бойынша қалыптасады. Қазақстанның ЖБҚИ 2012 жылдан
бастап өрлеумен ерекшеленеді.
Барлық сандар тым алыста және түсініксіз секілді көрінуі мүмкін. Бірақ
олар әрқайсымызға, әрбір қазақстандықтың білімі мен бәсекеге қабілеттілігіне
байланысты. Бұл – ұлттың табыс факторы.
Кез
келген қазақстандық, жалпы ұлт сияқты, ХХІ ғасырға лайықты
416
қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан»
бағдарламасы да, үштілділік бағдарламасы да, мәдени және конфессиялық
келісім бағдарламасы да – бұл XXI ғасырдағы өмірге ұлттың (барша
қазақстандықтардың) дайындығының бір бөлігі.
Бұл біздің бәсекеге
қабілеттілігіміздің көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: