Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет115/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Ұлттық ойындар.  
Жас ұрпақтың, әсіресе мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп 
жасындағы балалардың қалыптасуына, жетілуіне тікелей әсер ететін фактордың 
бірі, ұлттық мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің бір бағыты халықтың ұлттық 
ойындары. Ұлттық ойындар халықтың ғасырдан ғасырға жеткен асыл 
қазынасы, баланың мінез-құлқын, ой-пікірін, көзқарасын қалыптастырып, бір 
жүйеге келтіретін тәрбие құралы. Ойын балалардың жан-жақты, физикалық, 
рухани өсуінің алғы шарты. Салт-дәстүрді үйренуде, ойлау, тыңдау, есту 
қабілеттерін, сонымен қатар тез шешім қабыдап, тапқырлық таныту қасиеттерін 
дамытады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойын ойнау 
балалардың өзара пікір алмасуларына, ұйымшыл, әділ болуларына негіз болып 
табылады.
Ұлттық ойындар балалардың бойында әділдік, шыншылдық, достықтың 
қадірін сезіну, сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. 
Сонымен бірге балалар ұлттық ойындарды ойнаудың өз тәртібі болатындығын 
және оны бұлжытпай сақтау керек екендігін біліп өседі. Ұлттық ойындар 
тәртібі әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға 
тәрбиелейді. Қазіргі таңда ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық мұраны, ұлттық 
қүндылықтарды бүгінгі болашақ ұрпақ тәрбиесінде пайдалана отырып, 
ғасырлар бойы атадан балаға үздіксіз жалғасын тауып келе жатқан салт- 
дәстүрімізді, әдет ғұрыпымызды, тілімізді, дінімізді қадірлеуді әр балаға сәби 
кезінен қалыптастыру басты мақсатымыз болуы тиіс.
Қазақтың ұлттық ойындары қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып 
табылады және еңбек пен рухани қызметтің жаңғырығын біріктіреді. Әр 
ойында балаларға да, ересектерге де қызықты болуы мүмкін ерекше 


263 
этномәдени тәжірибені көруге болады. Кейбір ұлттық ойындардың тарихы 
тереңге кеткен, ежелгі уақыттан бастау алған ойындар бүгінгі күнге дейін 
сақталған.
Қазіргі кезде қазақша күрес, жамбы ату, садақ ату, арқан тарту, жаяу 
жарыстар, атқа міну, бәйге, сайыс, қыз қуу, көкпар, аударыспақ сияқты ең 
танымал ойындар өткізіледі. Олар күш, ептілік, батылдықты қалыптастырады . 
Әскери-спорттық ойындардан жамбы атуды атауға болады. Ең қырағыға мерген 
атағы беріледі. 
Жастар кешінде «Хан мен уәзір», «Көршілер», «Жылтыр», «Мыршым», 
«Сақина тастамақ» және басқа да ойын-сауық ойындары өтеді. Жастар түні 
бойы «Айгөлек», «Белбеу лақтыру», «Саққұлақ», «Тымпи», «Ақсүйек», 
«Алтыбақан» (әткеншек) теуіп ойнайды. Сонымен қатар қазақтарда 
«тоғызқұмалақ» ойыны бар. 
Аударыспақ – спорттық сипатқа ие және ең әсерлі ат спорты 
ойындарының бірі болып табылады Бұрын ойын жауынгерлерді жаттықтыруға 
бағытталған болатын. Ойынға екі адам қатысады, олардың әрқайсысы жақсы 
күшке, ептілікке және төзімділікке ие болуы керек, сонымен қатар ер - тоқымда 
жақсы отыра білуі керек. 
Бәйге – ежелгі ат ойындарына жатады. Көптеген түркі халықтарының 
арасында ең танымал болып саналады. Бәйге – бұл аттардың ұзақ қашықтыққа 
шабысы. Жарыс қашықтығына байланысты бәйге ойынының әртүрлі түрлері 
бар: тай бәйге, құнан бәйге, дөнен бәйге және ат бәйге. Тай-бәйге екі жасар 
атпен, құнан-бәйге – бір жарым шақырымнан екі шақырымға дейін үш жасар 
атпен, дөнен-бәйге – екі жарым шақырымнан бес шақырымға дейін төрт жасар 
атпен жүзеге асырылады. Қазір бәйге ипподромдарда өткізіледі. Бәйге басқа 
ойындар сияқты түрлі мерекелерде өткізілді. Жеңімпаздарға әдетте сыйлықтар, 
кейде адамның шұғылданатын кәсібі мен өнер түрлеріне де байланысты 
сыйлықтар берілді: балуандарға кілем жабылған түйелер, ал ақындарға (қазақ 
ақындары мен суырып салма әншілер) шапан немес ат мінгізіледі. Кейде 
жарыста жеңіске жеткендерге жүзге дейін ат сыйға берілген. Алайда жеңімпаз 
оны достарымен және басқалармен жиі бөлісетін болған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет