265
Ұлттық киімдер.
Халқымыздыздың ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де
өзге халықтарға
ұқсамайтын табиғи ерекшелкітерімен көшпелі өмірге икемделген. Көздің
жауын алатын көркем үлгілері әлемннің этнографиялық мұражайлары мен
көрмелерінде орын алған.
«Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен
ғасырлардағы
әдет-ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде
жан-жақты мағлұматтар береді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше
өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде
өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен
ертедегі көшпенділер киімін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген
бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімдерді солға
қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі.
Қазіргі
кезде көшпенділердің киім үлгілерілерінің тігілу мен пішілу тәсілінде
сабақтастық сақталған [31].
Ертеде ұлттық киімдер тек табиғи таза өнімдерден тігілетін болған, ол:
қой, түйе жүні, ешкі түбіті, жібек, мата, барқыт, атлас, қырмызы, үй
жануарлары мен құлан, ақбөкен, жанат, бұлғын, қасқыр, түлкі, күзен сияқты аң
терілерінен былғары жасалып, жаға, жеңдері сәнделген. Сән үлгілері еліміздің
әр аймағына байланысты, өз ерекшелігіне қарай жасалған. Дайын бұйымдарды
әшекейлеу үшін түрлі-түсті түймелер, моншақтар, асыл тастар қолданылған.
Халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі
киім үлгілерін жасаған. Жаңа туған сәбиден бастап, «көз-тіл»
тимесін деп,
әсіресе қыз балаларға ашық түсті көйлек, кеудеше, тақия, үкілі төбетей, күпі,
жылы шапан, тіпті аяқ кимідер қарасаң көз тоймайтын ерекше оюлармен
безендірілген.
Ата-бабамызда ат, шапан сылауды құрметтеудің бір көрініс деп бағаласа,
сол әдет-ғұрып, ұлттық киімдер сый-сияпат, кәде түрінде сыйлы қонақтарға,
тіпті бүгінде аса қадірлі шет ел дипломаттарына ескерткіш ретінде ұсынылуда.
Бағалы киімдер
Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп.
Кең байтақ
даламыздың табиғатына, ауа райы байланысты киім түрлерінде де өзгерістер
бар. Оның бәріне жеке-жеке суреттеу өте қиын іс болғандықтан, біз халықтың
көп тұтынатын әрі ортақ бағалы киімдеріне тоқталуды жөн көрдік. Ондай
киімдердің бірі - тымақ.
Тымақ – ерлердің бас киімі
. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Осыған
орай ол
түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ деп атала
береді.
Бөрік – ұлтымызға жарасатын бас киімнің бірі – бөрік. Оны ерлер де
қыздар да киеді. Бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталардан
тігіледі. Жиегіне қымбат бағалы аң және мал терілері ұсталады. Көмкерілген
тері түрлеріне
қарай кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, сусар бөрік,
түлкі бөрік, күзен бөрік деп аталады. Бөріктің жазғы және қысқы түрлері
болады. Жас жігіттер мен сал-серілер, ақындар бөркіне үкі тағып, зерлеп,
өрнектеп киген.
266
Сәукеле – ұзатылған
қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас
киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді.
Жоғарғы жағына үкі тағады. Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып,
оның сыртына алтын, күміс, інжу маржан, меруерт, ақық, лағыл, тағы сол
сияқты
асыл тастардан жасалған моншақ, тағымдар түрлі-түсті қымбат
жіптермен тігіледі, безендіріледі. Матасына әшекей, шашақ, оқа тағылады,
жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталады.
Бастан қисайып, түсіп
кетпеу үшін тамақтан бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін
құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ақ
желең тағылады.
Тон – қойдың терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Ол үшін теріні
шелінен артылып, әбден илеп, оны қынамен, талдың қабығымен, томар бояумен
бояйды. Бояудан кейін тері қоңыр,
сұр немесе сарғыш, күлгін түсті болады.
Осы теріден жүні ішіне қаратылып тон тігіледі. Жағасына (кейде жең аузына)
елтірі немес бағалы аң терілері салынады. Тонның ұзын, қысқа түрлері де
болады. Әйелдер тонының иығына, жең ұшына, өңірі мен етегіне кесте жіппен
ою-өрнектер салынады. Осы аталған тон түрлері бүгінге дейін сәнді, жарасты
киімдер қатарында зор бағаланып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: