275
қойылымдары, жас суретшілер, зергерлер, қолөнер халық шығармашылығын
дәріптеу мақсатындағы іс-шаралар мен шығармашылық шеберханалар;
- «Ұлттық тағамдар», «Қазақ халқының бірегей тағамдары» фестивалін
ұйымдастыру. Тартылған аспазшылар «Өрметас», «Үлпершек», «Қарын
бөртпе», «Бұжы», «Жаужүрек», «Қарын көмбе»
сияқты бірегей тағамдарды
дайындау рәсімі. Ата-бабалар дайындаған ежелгі тағамдарды жандандыру
мақсатында «Сарқыт» тақырыбында туристік гастрольдер өткізу.
- мақал-мәтелдерге негізделген заманауи хабарламаларды қалыптастыру
және оларды күнделікті өмірде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білімді
кеңейту үшін қолдану және күнделікті өмірде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
туралы білімді кеңейту мақсатында «Мақал-мәтелдер» шығармашылық
сайыстарының әзірлемелері;
- БАҚ және әлеуметтік желілерде
тақырыптық парақшалар құру, салт-
дәстүр челленджін ұйымдастыру; (#Dastur челленджі, «Dastur» мобильді
қосымшасына енгізу)
Жобаның әлеуметтік серіктестері мен қызметкерлері
Әлеуметтік серіктестер. Жоба аясында қоғамдастықтың серіктес
болудағы
өзара
байланысының
мақсаттары
мен
міндеттеріне
қызығушылығына бастамашылық жасау және серіктестердің жүйелі жұмыс
істейтін коворкинг желісін құру қажет. Оның құрамына:
- жергілікті жерлердегі білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары;
- балалар және
жастар қоғамдық ұйымдары;
- бұқаралық ақпарат құралдары, баспалар, кәсіптік бағдар беру
орталықтары, жұмысқа орналастыру қызметтері және т.б.
- білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар және қоғамдық
институттар, мектептен тыс
қызметті бірыңғай сабақ өтетін, сабақтан тыс
нысандарда іске асыратын ұйымдар;
- білім алушыларды әлеуметтендіруді және алдын алуды, білім
алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір
салтын және экологиялық
мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыратын құқықтық ұйымдар (жолдарғы,
төтенше жағдайлардағы тәртіп және т.б.);
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың негізгі жалпы
білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін жеке бағытталған түзету
жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар;
- инвесторлар, қайырымдылық жасаушы және демеуші ұйымдар;
-аурулардың алдын алу және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары
бойынша тиімді жұмыс істеу үшін медициналық және спорттық ұйымдар;
- туризм және демалыс кластерінің мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдары;
- бұқаралық мәдени ұйымдар – кітапханалар,
театрлар, мұражайлар;
- үздіксіз білім беру жүйесінің білім беру ұйымдары, білім беру
қызметтерін көрсететін үкіметтік емес ұйымдар және т.б. кіреді.
Жобаны іске асыру кезеңдері
I кезең -дайындық кезеңі
276
Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлеріне негізделген ұлттық
педагогика идеяларын білім беру процесіне енгізудегі педагогикалық ұжымның
қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: