274
жоғалтпау, жас ұрпақтың бойына сіңіру, күнделікті өмірінде пайдалана
алатындай сезіндіру, құрметтеу, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді
жаңғырту, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.
Ұлттық болмысымыздан, төл
мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер
мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі. Ұлттық
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын
жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар
неғұрлым
көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады. Сондықтан да
халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарымыз, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерімізді барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз қажет:
- мектеп пен қоғам бірлестігінде дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
жандандыру, жаңғырту
жұмыстарын ұйымдастыру, проблемалық мәселелерді
шешу; мектепте, қоғамдық орындарда, аула клубтарында, қосымша білім беру
ұйымдарында ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді, дәстүрлер мен
ғұрыптарымызды дәріптеу, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді
жаңғыртуға жәрдемдесу.
- барлық мәдени-ағартушылық құрылымдардың өскелең ұрпақты дамыту
мен тәрбиелеуге қатысуы. Бұл ретте ауыл мектебі – өз базасында мемлекеттік,
сондай - ақ қоғамдық түрлі құрылымдардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік
беретін әлеуметтік-мәдени орталықтың моделіне айналуға тиіс.
Жобада бағытталған маңызды мәселелер:
- Оқу-тәрбие процесінде дәстүрлер мен ғұрыптар негізінде жалпыұлттық
және рухани құндылықтардың дамыту;
- Ұлттық мәдениет пен ұлттық
бірегейліктің болмауы;
- Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптардың толық
сақталмауы;
- Мақал-мәтелдер мен халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесінде, оның
күнделікті өмірінде қолданыс таппауы;
- Ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық қол өнер дәстүрлерінің ұмыт болып
бара жатуы;
- Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өскелең жас ұрпақтың ұлттық
санасын,
ұлттық мінез-құлқын, ұлттық мәдениетін қалыптастырудағы рөлінің
айқын болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: