277
қарым-қатынасын
кеңейту және нығайту; адамгершілік, ұлттық тәрбие
жүйесіне білім беру қызметінің барлық субъектілерінің өкілдерін, белгілі қоғам
қайраткерлерін, бағдарламаны іске асыру мониторингін жүргізу.
III кезең – қорытындылау кезеңі
Мақсаты: Алдыңғы кезеңдегі деректерді өңдеу және түсіндіру.
Бағдарламаны қойылған мақсаттар мен міндеттерге нәтижелерін іске асыру.
Тәрбие жүйесін одан әрі қалыптастырудың перспективалары мен жолдарын
анықтау.
Міндеттері:
- педагогикалық тәжірибені жүйелеу және таныстыру;
- «Дәстүр мен құрылым» жобасын іске асыруды талдау;
- жаңартылған білім беру мазмұны аясында
мектептегі білім берудің
жаңа сапасына қол жеткізу бойынша тәжірибені жинақтау және тарату.
Жұмыс мазмұны: педагогтердің шеберлігін жетілдіру бойынша қызметін
талдау; білім беру процесіне ұлттық педагогиканың идеяларын енгізу бойынша
педагогтердің жұмыс тәжірибесін жинақтау; өзекті дәстүрлерді қолдану,
ұлттық, рухани құндылықтар туралы ақпараттық деңгейі бойынша
жетістіктерін қорыту, жаңғырту; «Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру
бойынша жұмыс тәжірибесін енгізу және тарату процесіне БАҚ-ты тарту.
Ресурстар ретінде тарихи тұлғалардың, батырлар
мен жауынгерлердің өмірі
мен
шығармашылығынан,
отандық
әдебиеттен,
кинематографиядан,
публицистикадан, поэзиядан алынған материалдарды пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: