Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет222/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Мұғалім: Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? 
- Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің 
болады. 
Мұғалім: Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? 
- Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын. 
Мұғалім: Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар? 
Сабақ оқумен, спортпен мамаларымызға көмектесеміз. 
Мұғалім: Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге 
болады? 
- Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді 
тыңдағанда. 
Мұғалім: Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты 
етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, 
шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға 
жетесіңдер
Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап, деген екен Абай 
атамыз. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай 
Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне, 
соны тамашалаңдар. 
Тамерлан (автор): Дастарханға шашылып, 
Жатты аппақ бауырсақ 
Бауырсаққа қызығып 


495 
Қарап тұрып көзін сап. 
Д. Динара (қуыршақ): Қайдан келдің бауырсақ? 
Ақбота (бауырсақ): Дүкеннен келдім нан сатқан. 
Д. Динара (қуыршақ): Дүкенге келдің қай жақтан? 
Ақбота (бауырсақ): Наубайдан келдім нан жапқан. 
Д. Динара (қуыршақ): Наубайға келдің қай жақтан? 
Ақбота (бауырсақ): Диірменнен келдім ұн тартқан. 
Д. Динара (қуыршақ): Диірменге келдің қай жақтан? 
Ақбота (бауырсақ): Даладан келдім жан – жақтан 
Жер – анам мені көсілген 
Дихандар мені өсірген (толықтыру...) 
Мұғалім: Оқушылардан еңбек туралы мақал сұрау 
Мұханбетханафия: Еңбек – бәрін жеңбек. 
Зейнеп: Еңбек етсең емерсің. 
Динара: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 
Рақымжан: Еңбек ер атандырады. 
Есқуат: Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер. 
Мағына: Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. 
Мәдина: Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады. 
Өркен: Ерінбесең, еңбегің өнеді. 
Перизат: Еңбек етпеген ішіп – жемейді. 
Нұрдәулет: Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме. 
Ақтілек: Ерінбеген етікші болады. 
Қасиет: Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан. 
Мұғалім:Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тыйым сөздер 
де көп. Еңбек түбі – береке. Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып 
бізді де, ата – анасында қуантып жүреді. 
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді. 
Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме. Сонымен 
балалар, еңбек етпеген адам ешнәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан 
да ерінбей, жалқау болмай, еңбек етсек, міне, сол еңбегіміздің жемісін жейміз. 
Біздің ең бірінші еңбегіміз - ол біліміміз. Міне, көп оқып, тәртіпті болып, 
сабақты жақсы оқысақ, болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, 
білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз. Сондықтан, тек білімді болып 
денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек. 
Сұрақ – жауап: 
Не үйрендің? Не түйдің? 
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, 
еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына 
пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ашық тәрбие 
сағатымыз аяқталды. 
Негізгі орта мектеп оқушылары үшін сынып сағаттарын өткізуге 
ұсынамыз: 
1. «Еңбексіз ештеңе берілмейді» тақырыбындағы сынып сағаты 


496 
Сынып сағатының мақсаты - оқушыларды еңбексүйгіштік қасиеттерін 
тәрбиелеуге баулу. Сонымен бірге еңбек қабілеттілігінің маңыздылығын сезіну, 
кіші жастағы оқушылардың топта және кіші топтарда жұмыс істеу қабілетін 
дамыту, адамдардың еңбекке, еңбексүйгіштікке және жауапкершілікке деген 
құрметін тәрбиелеу міндеттері шешіледі. 
Сабақтың формасы: аралас 
Өтетін орны: оқу бөлмесі. 
Құрал-жабдықтар мен дизайн: презентация, Ожеговтың сөздігі
үлестірмелі материалдар (мақал-мәтелдер, қаламдар). 
Әдіс-тәсілдер: іздеу, талқылау. 
Сабақтың жоспары: 
1. Сынып сағатының тақырыбы бойынша сынып жетекшісінің кіріспе 
сөзі. 
2. Негізгі бөлім: 
- балаларға арналған сұрақтар. 
- «Сабырлылық пен еңбек бәрін реттейді» тақырыбында презентация. 
- «Ұлдар» әңгімесін оқып, талқылау. 
- «Мақалдың басы мен соңын тап» кіші топтарға арналған практикалық 
тапсырма. 
- «Пантомима» ойыны. 
3. Әңгімелесу нәтижелерін талқылау. Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем 
әдісі». 
Тәрбие сабағының барысы: 
Сәлем, балалар. Бүгін бізде ерекше сабақ болады, ол менің ойымша 
бәрімізге өте пайдалы болады. Өлеңді тыңдап, негізгі ойды бөліп көрсетіңдер. 
Еңбек туралы өлең оқылады. 
Бірнеше сұрақтарға жауап бергеннен кейін, мұғалім: бүгін сабақта не 
туралы сөйлесетінімізді кім айта алады? 
 
1. Сендер бұл адамның кім екенін 
білесіңдер ме? Ол туралы не білесіңдер? 
Бауыржан Момышұлы - кеңес офицері, 
Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес 
Одағының Батыры, Қазақстанның Халық 
Қаһарманы, 
панфиловшы, 
Мәскеу 
үшін 
шайқасқа қатысушы, жазушы. Полковник.[27
]

Бауыржан Момышұлы туралы фильм қарау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет