Дәріс №2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Технологиялық процестер мен еңбек жағдайларын ескеретін кәсіпорын жұмысын талдау потенциалды қауіпті және зиянды өндірістік факторларды дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді.
Қауіпті өндірістік фактор – адамға әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін фактор, ал зиянды өндірістік фактор – әсері адамның сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
Бұл факторлар өндірістік фактордың деңгейіне байланысты адам ға қолайсыз әсер етуімен де анықталады. Қауіпті факторға тән – бұл бірден тез әсер етуі, ал зиянды факторға тән – бұл ұзақ әсер етуі болып табылады. Кейбір жағдайларда зиянды фактордың адам ағзасына қысқа уақытта әсер етуінің салдарынан жарақат пайда болады. Бұл жарақат жазатайым оқиғалар сияқты тергеледі және есепке алынады.
Бұл жарақатқа жататындар: өткір уланулар; жылу соққылары; үсулер; өндірісте найзағайдың әсерінен адамның зақымдануы.
Зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына ауысым бойы әсер етуі қосымша жарақатқа алып келуі мүмкін. Мысалы, кейбір операциялардың нұқыл қайталанып істеуінің нәтижесінен адам тез шаршайды да, адамның жұмыс қабілеті төмендей бастайды.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар өзінің әсер ету табиғаты бойынша: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді.
Физикалық – машиналар мен механитзмдердің қозғалатын бөліктері, жабдықтардың қорғалынбайтын қозғалатын элементтері, жылжымалы бұйымдар, дайындалынған бұйымдар мен материалдар; жұмыс аймағындағы ауа температурасының жоғарлауы немесе төмендеуі, жабдықтардың беттерінің, материалдардың беттерінің температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі; ауаның ылғалдылығы мен жылжымалылығы; электр тізбегіндегі кернеу деңгейінің қауіптілігі; шу, діріл, инфра және ультракүлгін деңгейлерінің жоғарылығы; табиғи жарықтың жоқтығы немесе кемшілігі, жұмыс аймағындағы жарықталынудың жеткіліксіздігі, жарық ашықтығының жоғарлығы, қарама-қарсы түстің төменділігі, тікелей және шағылысқан жылтырауықтар, жарық ағынының жоғарылығы; жабдықтардың, құрал-саймандардың, дайындалған бұйымдардың беттеріндегі адыр-бұдырлар, қабыршақтар, өткір жиектер; жұмыс орнының еденнен, жерден едәуір биіктікте орналасуы; ультракүлгін және инфрақызыл радиация деңгейлерінің жоғарылығы; электромагтиттік сәулелер, статикалық электр; электр және магнит өрісінің кернеулігінің жоғарлылығы; ауаның иондалуының жоғарылығы немесе төменділігі.
Химиялық – адам ағзасына зиянды заттар: тыныс алу жолдары, терісі арқылы, ас қорту жүйесі арқылы кіреді. Адамның ағзасына жағарғыдағы жолдар арқылы кіріп: жалпыұлылық; адам мұрнының шырышты қабығына ауыздың қуысына және көзге тітіркендіргіштік; адам ағзасының реактивтігі тез өзгеретін сенсибилизациялық, аллергиялық; мутагенттік адамның репродукциялау функциясына әсерін тигізеді.
Биологиялық – ауру қылатын микроорганизмдер (бактерия, вирус, риккетсий, спирохет, грибтер) және олардың тершілігінен шыққан өнім. Микроорганизмдер (өсімдік және жануар тектес).
Психофизиологиялық – а)физикалық аурытпалықтар: статикалық, динамикалық; б) жүйкелердегі түскен күштің шамадан артық болуы: ақыл-ойдың шамадан тыс болуы, дүниедегі сыртқы құрылысты, әсердіқабылдайтын және талдайтын көз органын шамадан тыс жұмыс істеуі, еңбектің бірқалыптілігі, сезім әрекетіне бой алдырғышының шамадан тыс болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |