Дәріс№3. Өндірістік санитария. Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы
Еңбек гигиенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
Өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық – гигиеналық, ұйымдастыру іс – шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария еңбекті қорғау саласындағы ұйымдастыру мен практикалық іс-әрекетті зерттеудің негізі болып табылады. Олар келесі іс-шаралардан тұрады:
• еңбек процестерін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, еңбек процесінде жұмысшылардың физиологиялық функцияларын және еңбекке қабілеттілігін, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін ұйымдастыру;
• жұмысшылардың денсаулығына әсері ететін өндірістік процестер мен жабдықтардың ерекшеліктері;
• еңбек процессі кезінде туындайтын әртүрлі қауіпті және зиянды факторлардың жұмысшыларға әсері, олардың денсаулығы мен кәсіптік ауруларға шалдығуы;
• санитарлық-техникалық құрылғылар мен қондырғылардың (желдету, жарықтандыру, санитарлық-тұрмыстық құрылғылар) жағдайы мен гигиеналық тиімділігі;
• жеке қорғаныс құралдарының жағдайы мен тиімділігі.
• жобалауға қойылатын гигиеналық талаптар, техникалық процестер мен жабдықтарды рационализациялау, тиімділікті арттыру
• өндірістегі еңбек жағдайларын гигиеналық стандарттау және заңнамалық реттеу, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жайластыру және күтіп ұстау негіздері;
• еңбек процесін және жұмыс орындарын ұйымдастыруды физиологиялық тұрғыдан ұтымды ету шаралары (еңбек және демалыс режимі, жұмыс жиһазы, жұмыс қалпы, жұмыс қозғалысын рационализациялау және т.б.);
• жеке гигиена шаралары.
Еңбек процесінде адамға қысқа немесе ұзақ мерзімде әсер ететін зиянды факторлар болады. Өндірістік жағдайларда адамға жеке немесе бірігіп зиянды әсер ететін бұл факторларды өндірістік зияндылық деп атайды.
Олардың кері әсерлерінің салдары көбінесе кәсіптік ауруларға дұшар етеді. Кәсіптік зияндылықтардың туындауы еңбек процессін дұрыс ұйымдастырмаумен немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайымен байланысты. Жекеленген кәсіптік топтарға , белгілі кәсіптік зияндылықтар және соларға сәйкес аурулар сипатты.
Негізгі өндірістік зияндылықтар:
- қалыпты метеорологиялық жағдайын бұзу;
- жоғары өндірістік шу мен діріл:
- жұмыс аумағындағы ауаның шектен тыс шаңдануы;
- зиянды және уландырғыш заттар мен материалдардың әсері;
- өндірістік жарықтандырудың жеткіліксіздігі ;
- ионизациялаушы сәулененудің әсерлері.
Өндірістік санитария және еңбек гигиенасының мәселелері гигиена мен еңбек қорғаудың әртүрлі бағыттары бойынша ережелерді, нормаларды, нұсқауларды ендіретін нормативтік құжатармен регламентелінген. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, қызметкерлердің кәсіптік ауруларға душар болмауына бағытталған қолайлы еңбек жағдайын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |