Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Дәріс № 27-28. Қазіргі заманғы лингвистика



Pdf көрінісі
бет27/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

 
Дәріс № 27-28. Қазіргі заманғы лингвистика. 
Жаңа парадигмаларға негізделген интегративті лингвистиканың қазіргі жай-күйі. 
Экспансионизм, 
антропоцентризм, 
функционализм 
және 
экспланаторлық 
қағидаттары тіл біліміне тілді тікелей адаммен, оның қоғамдағы тіршілігімен байланысты 
қарастыруға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде және жаһандану үдерістері мен үрдісіне 
байланысты әлемдік лингвистикада жаңа салалар пайда болғаны белгілі. Сонымен қатар 
бұл өзгерістер кейбір пәндердің зерттеу нысандары мен сипаттау үлгілерін өзгерту 
қажеттігін туындатты. Мәселен, әлеуметтік лингвистикада бұрыннан зерттеліп жүрген 
мәселелерді зерттеу фокусы өзгерді. Әлемдік лингвистикада «үш шоғырлану шеңбері 
теориясына» сәйкес «плюрицентрлік (көпұлтты) тілдер» ұғымы жиі қолданыла бастады
көпұлтты тілдерді қарқынды зерттеу барысында тілдерді сипаттаудың жаңа моделі 
анықталды. Плюрицентрлік тілдердің автохтонды емес аумақтарда қолданылуы, дамуы, 
өзгеруі көптеген мәселелерді кешенді түрде қарастыруды көздейді, өйткені бұл сұрақтар 
сөйлеу субъектісі үшін де, геосаяси тұрғыдан да маңызды. Осы замангы плюрицентрлік 
тілдердің қазіргі кезеңдегі екітарапты өзгерісі ретінде Қазақстандағы орыс тілді 
бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндерінде кездесетін қазақ сөздері келтіріледі. Тілдегі 
өзгерістерді лексикалық тұрғыда тіркеп (фиксация), қолданысқа түсіріп отыратын, тілдегі, 
қоғамдағы, тілдік тұлғалар интенциясындағы өзгерістерді жіті көрсететін мәтінді түзетін 
де, оны оқитын да адам болғандықтан, қазіргі лингвистиканы адам туралы ғылым деуге 
болады. 
Техника-технология, өндіріс, коммуникация қарыштап дамып, әлемнің барлық 
дерлік елдерінің бәрі бірдей дерлік заттарды тұтынып, бірдей дерлік идеологияны 
ұстануына мәжбүрлеп отырған жаһандану кезінде әр халық өзінің ана тілін сақтап қалуға 
ұмтылуы, оның белгілі бір кеңістіктегі, қоғамдағы орнын, маңызын зерделеуі, болашағын 
болжауы, болашағына алаңдауы, тілі арқылы өзін- өзі және өзгені тануы, өзін өзгеге 
танытуы заңды құбылыс. Осы тұрғыдан келгенде тілді құрылымдық-семантикалық, 
танымдық, тарихи-әлеуметтік, қолданбалы тұрғыдан қарастыратын тіл білімі ерекше 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет