тіліне қатысты аталған белгілердің біріншісі мен үшіншісі байқалмайтынына қарамастан,
орыс тілінің Қазақстанда қолданылуы, дамуы, өзгеруі плюрицентрлік тілдерді зерттеу
модельдерімен жүргізілуі
керектігін дәлелдеп, шәкірттерімен (Г.А. Амангелдиева Г.А.
Атембаева) бірге осы бағытта бірнеше еңбек жариялады.
Қазіргі кезде плюрицентрлік тілдердің жетекші емес нұсқаларын зерттеуші
халықаралық жұмыс тобының (международная рабочая группа по недоминирующим
вариантам плюрицентрических языков — WGNDV — International Working Group on Non-
Dominant Varieties of pluricentric Languages) ресми сайтында [7] 40-тан
астам тіл
плюрицентрлік деп көрсетілсе, отандық зерттеуші 17 тілді атайды [8]. Біздіңше,
жұмыс
тобының мүшелері тізімдегі көптеген тілдердің коммуникативтік, функционалды күш-
қуатын емес, сол тілдерде сөйлейтін адамдардың таралу ареалын еске алған сияқты.
Плюрицентрлік тілдерді зерттеу модельдері кең ауқымдағы үлкен мәселелерден гөрі
локальді аумақтағы тілдік жағдаят субъектілері үшін маңызды сұрақтарға назар аудару
қажеттігінен туындағаны белгілі. Осы мақсатта плюрицентрлік
тілдерді зерттеушілер
үшін тұрақты түрде 2011 жылдан бастап өткізіліп тұратын конференциялармен қатар [7],
сан алуан тілдік жағдайлардағы тілдерді сипаттауға, зерттеуге арналған әрқилы
конференцияларда плюрицентрлік тілдерді зерттеушілер үшін
арнайы панель
қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: