шешілмей келе жатқан немесе көмескі, тасада қалып жатқан мәселелерін шеше отырып,
орнығады.
Интегративтілік ғылым дамуындағы өткен мен қазіргіні түрлі пәндер мен әдіс-
тәсілдердің бірлігі арқылы зерттеуден көрінеді.
Қазіргі лингвистикалық парадигмаға қатысты зерттеуші Е.С. Кубрякова 4 қағиданы
атап көрсетеді: экспансионизм,
антропоцентризм, функционализм және экспланаторлық
[1]. Бұл қағидаттардың әрқайсысы ғылыми зерттеулерде түрліше байқалады.
Экспансионизм тіл білімінің басқа ғылым салалары деректерін пайдалануынан,
сондай-ақ бірнеше ғылым саласының тоғысып, ірі бір ғылым түріне айналуынан көрінеді.
Бұл термин мәтін лингвистикасына қатысты алғаш рет 1987 жылы Берлинде өткен
Халықаралық лингвистикалық конгресте қолданылған еді.
Содан бері бұл термин
лингвистика ілімдерінің өзге ғылымдарға үстемдік етуі (басып кіруі) деген мәнде
қолданылып келеді. Осыған байланысты лингвогносеология, социолингвистика,
лингвоперсонология,
психолингвистика,
нейролингвистика,
лингвопраксеология,
лингвомәдениеттану,
этнолингвистика, лингвопалеонтология сияқты ғылымдар пайда
болды.
Физикаға қатысты синергетика заңдылығы қазір барлық ғылым саласымен
байланыстырыла жұмсалады, тікелей тіл біліміне
қатысты айтатын болсақ, қазақ
терминологиясының дамуындағы пуризм және неопуризм құбылысын еске алсақ та
жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: