6. Дәрістер кешені
№1 дәрістің тақырыбы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым
саласы.
Дәріс мазмұны:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, мақсат-міндеттері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің логика, психология, педагогика, т.б. ғылымдармен
байланыстылығы. Әдістеме (методика) гректің теtоdоs деген сӛзінен шыкқан, қазақша
зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін үйретудің
заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын
зерттейтін педагогикалық ғылым. Мақсаты: Болашақ кәсіби бастауыш сынып
мұғалімдерін даярлауда қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру,
сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім
нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық
менталитеті жоғары маман даярлау. БМҚТОӘ-нің міндеті:
Студенттерді әдістеме саласындағы соны ӛзгерістермен таныстырып, оны тиімді
қолданудың жолдарын үйрету;
Қазақ тілін үйретудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдарды
таныстыру;
Бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұны мен оқыту жүйесін білдіру;
студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін
меңгерту;
қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық
және практикалық тұрғыдан талдап кӛрсету;
оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді
таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту;
болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде, ӛз бетімен ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру;
мектеп мұғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға
белсене қатысып отыруын қалыптастыру.
қазақ тілі пәнінің болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби білімі
жүйесіндегі маңызын анықтау.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының ӛзінен және оны ұғыну
психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай
жасайды. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған
тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады.
Оқушыны білім, білік, дағдылармен қаруландырып қана қоймай, оны тұлға етіп
қалыптастыратын алғашқы баспалдақ – бастауыш мектеп. Олай болса, интеллектуалдық,
біліктілік, коммуникативтік жағынан баланы әлеуметтік ортамен (табиғатпен, басқа
адамдармен, ӛзімен-ӛзі, т.б.) белсенді қарым-қатынасқа түсуге, сол ортаға барынша тез
бейімделе алуға дайындау осы бастауыш оқыту кезеңінің негізгі қызметі болып табылады.
Яғни, бастауыш сыныптарда оқушы кез келген адамның ӛмірінде басты орын алатын оқу,
ойын, еңбек, т.б. сияқты әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі тиіс. Бұл әрекеттердің
барлығы да сӛйлеу әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Сол себепті жеке тұлғаның ақыл-
ойы, санасының жетіліп-толуының, мәдениеттілік, зиялылық сияқты қасиеттерінің
қалыптасуының басты кӛрсеткіші бала тілінің жеткілікті деңгейде дамуына,
коммуникативтік дағдыларының (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дұрыс
қалыптасуына тікелей байланысты болады. Қазіргі таңда кез келген адамның жылдам
ӛзгеріп жатқан ӛмірде ӛз орнын дұрыс тауып, бәсекеге қабілетті болуы, ӛзін қоршаған
ортада басқа адамдармен, ұжыммен, топпен қарым-қатынас орнатуы, жалпы нәтижеге қол
жеткізуде ӛзіндік пікірін білдіруі үшін аталған коммуникативтік дағдылардың маңызы
зор.Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды оқыту барысында мұғалім
мен оқушының дидактикалық қарым-қатынасы аса маңызды. Қарым-қатынас
педагогикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да ӛзекті мәселе болып саналады.
Қарым-қатынастың табиғаты адамдардың жас ерекшелігіне, индивидуалдық даму
барысына байланысты жетіліп ӛзгеріп отыратынына тек психологтар мен педагогтар ған
емес, философтар да, әлеуметтанушылар да, тілші ғалымдар да, жас және педагогикалық
психологтар да кӛп кӛңіл бӛліп келеді. бастауыш сынып оқушыларына теориялық
ұғымдарды меңгерту механизмдерін зерттеген еңбектерінде оқушылардың ғылыми ойлау
мүмкіншіліктерін бастауыш кезден қалыптастыру мүмкіндіктері мол екендігін айтады.
Осы мәселеге тығыз байланысты тақырыпты қарастыра отырып, бастауыш сынып
оқушыларының теориялық ұғымдарды жүйелілікпен, сабақтастықпен меңгеруінде
педагогикалық және психологиялық тұрғылардан дұрыс жолға қойылған мұғалім мен
оқушы арасындағы дидактикалық қарым-қатынас аса маңызды деген ұстанымды
басшылыққа аламыз. Сондықтан да қабылдау, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының
ана тілі – қазақ тілін теориялық және практикалық тұрғыдан пән ретінде қабылдауы
зерттеу жұмысының діңгегі болып саналады. Ұсынып отырған оқыту әдістемемізде
ерекше мәнге ие болып отырған бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы қарым-
қатынас теориясы тұрғысынан тереңірек қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі кезеңінен мектептегі кезеңі
ерекше ӛзгеріс қарқынына ие болатынын қарапайым кӛзбен-ақ байқауға болады. Бірінші
сыныпқа келгеннен бастап тӛртінші сыныпқа дейін оқушының үлкендермен, ӛзінің қатар-
құрбыларымен, мұғаліммен қарым-қатынасы да деңгейлеп ӛсе түседі. Бұл ӛсуде
оқушылардың қарым-қатынасқа байланысты түрлі қиындықтарды басынан кешіріп,
кӛзқарастарының дӛңгелене, шиыршықтала кеңейіп отырғанын мұғалім айқын кӛреді.
Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үдерісінде дамыта
оқыту теориясын басшылыққа алғанда, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқу-
таным қызметінің белсенділігіне кӛп сүйенеміз.
Бала дамуы саласындағы зерттеулер оқу-тәрбие қызметін тиімді жобалау мен
ұйымдастыру үшін бірнеше маңызды даму заңдылықтарын ашады:
1. Жас кезеңінде баланың физикалық дамуы жылдам әрі жедел; ал баланың жасы
ұлғаюымен даму желісі бәсеңдейді.
2. Баланың физикалық дамуы бір кезеңде – жылдам, ал екінші бір кезеңде – жәй.
3. Адам денесінің әрбір ағзасы ӛз желісімен дамиды, ал бүтіндей дене бӛлшектерінің
дамуы тең емес әрі олардың арасында даму сәйкестігі байқалмайды.
4. Баланың жасы мен рухани даму желісінің арасында кері пропорционал тәуелділік
бар: жас неғұрлым кіші болса, рухани даму солғұрлым тез; жастың ұлғаюымен рухани
даму бәсеңдейді.
5. Балалардың рухани дамуында тепе - теңдік болмайды. Психикалық қабілеттер
мен рухани сапалардың негізінде болатын тұлға қасиеттері бірдей даму деңгейінде
жүрмейді.
6. Кейбір психикалық әрекеттердің дамуы мен қалыптасуы үшін тиімді
( сензитивті) мерзімдер болады.
7. Адамның психикалық дамуының арқасында оның рухани сапалары орнықты,
тұрақты, сонымен бірге ӛзгеріске икемді сипат ала бастайды.
Бірінші сынып оқушыларының сауатын ашуда жеке тұлғалық танымдық
мұқтаждары мен психикалық қабілеттерін дамытатын жетекші іс - әрекетті ─ оқу іс -
әрекетін қалыптастыру қажет екенін психологтар нақты кӛрсетеді. Әрбір сабақ
барысында оқу іс-әрекетін орындауда оқушылар ӛздеріне бұрыннан таныс емес заттарды
тануға әрекеттенеді, ғылым негіздерімен танысып, білімді игеруде түрліше оқу іс-
әрекеттерін орындай (тапсырманы орындау, дыбыстарды қайталау және игеру, қалам,
қағазды дұрыс пайдалану және т.с.с.) отырып, ӛзінің психикалық қабілеттерін жетілдіреді.
Оқыту мен даму тығыз байланысты. Даму мен оқыту үрдісі арасында байланыс
туралы қалыптасқан үш түрлі кӛзқарас бар. Бірінші, француз ғалымы Ж. Пиаженің
пікірінше даму оқытуға қатысты емес, адамдар генетикалық ерекшеліктеріне байланысты
дамиды дей келе, былайша тұжырымдайды: «баланың ойы белгілі фазалар мен
кезеңдерден қажеттілік болғандықтан ӛтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына
тәуелсіз». Екінші, американ ғалым Э. Торндайктың пікірі бойынша оқыту мен даму
бірдей, біркелкі жүреді: «Даму – мүмкіндік туғызады, оқыту – оны жүзеге асырады»
немесе «оқыту дамудың ең аяғында келе жатыр», – дейді. Үшінші, кӛрнекті психолог Л.С.
Выготскийдің пікірі бойынша оқыту дамудың алдында жүруі керек, ал бала дамуын
кешегі күнгі нәтижеге емес, ертеңгі күнгі нәтижеге қарай оқыту қажет. Осыған орай, ол
ең алғаш рет бала дамуының екі аймағын анықтап, бӛліп кӛрсетеді. «Бірінші аймақ» –
бала дамуының қазіргі қол жеткізген сатысы, екінші аймақ – әлі дамымаған, «жақын
арадағы даму зонасы». Мұғалімнің міндеті баланы оқыту барысында бірінші аймаққа
қанағаттанбай, «бала дамуының жақын аймағына» жетектеу керек дейді. Баланың дамуы
екінші «жақын аймақты» меңгеру арқылы жүзеге асады дейді. Педагогикамен байланысы.
Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны,
әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады.
Дидактика педагогиканың маңызды бір бӛлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ
тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Психологиямен байланысы. Психология
оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі
туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда
дәлелдеуге кӛмектеседі. Сӛйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді
дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |