Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай
қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы "тілдік сезімталдыққа" сүйеніп, іске асырылады.
Бұл принцип тӛмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
1) балалардың бұрыннан білетін сӛздерін тәртіпке келтіру (мұнда
грамматика басты
орын алады);
2) оқушылар ӛздеріне белгісіз, грамматикалық құбылыстарды бұрыннан таныс
құбылыстармен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеу;
3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен
қатар мәнерлеп сӛйлеу, сезімге бӛлене сӛйлеуді меңгеру.
Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сӛйлеуге назар аудару.
Бүл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
1) тілдің фонологиялық, грамматикалық жоне лексикалық мағыналарын үйрену
барысында сезімге бӛлене, мәнерлеп сӛйлеудің жолдарын түсіндіріп отыру;
2) әдебиеттік оқу мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру;
3) кӛркем мәтіндердің тілдерін талдағанда сезімге әсер ететін бӛліктерін таңдап алу.
Төртінші заңдылык,. Жазбаша сӛйлеу ауызша сӛйлеуді таңбалау жүйесіне аудару
ретінде (дыбыстық таңбаға кӛшіру) ұғынылады.
«Жазбаша сӛйлеу бала үшін сӛйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып
табылады, -дейді профессор Н.С.Рождественский. Ауызша сӛйлеудің ӛзі шындықтағы
заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сӛйлеу
ауызша
сӛйлеудің дыбыстары мен сӛздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады».
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс
емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды
мәселе – ауызша сӛйлеудің жазбаша сӛйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс
белгілерін қоюда дауыс ырғағының рӛлі.
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сӛйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай
әдістемелік принципке негізделеді. Бұл принцип тӛмендегі ережелерді сақтағанда іске
асады: 1) ауызша сӛздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; 2) дауыс
ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды
ұштастыру.
Бесінші заңдылық. Фонетикалык, грамматикалык және
лексикалық мағыналардың
барлығы "тіл материясын", яғни тіл таңбаларын - дыбыс, морфема, сӛз, дауыс ырғағы
және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) ұғыну барысында меңгеріледі.
Тілді оқушы мазмұны және формасы жағынан, яғни логикалық, грамматикалык,
жағынан, қабылдайды. Ал әрбір сӛйлемнің грамматикалық ерекшеліктері тілдің кӛмегімен
анықталады. Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан, белгілі бір тілдік фактілерді
тану құралы ретінде де пайдаланады. Мұндай заңдылықтан
тілді оқыту принципі келіп
шығады.
Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай:
1) кӛрнекілікті пайдалану (таблица, схема, түрлі суреттер, теледидар, кино және т.б.);
2) есту құралдарын пайдалану (мәтіндер оқып беру, магнитофон, радио, теледидар, кино
т.б.); 3) оқу құралдары, кӛркем мәтіндер, ғылыми-кӛпшілікке арналған мәтіндер, газеттер,
журналдар; 4) ана тілін үйрену үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы
сӛйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сӛзі, оларды аңғарту үшін талдау)
пайдаланылады. Тіл материясына кӛңіл аудару принципі мұғалімге нақты жол кӛрсетеді.
Оқушы әуелі кӛру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сӛйлеу органдарының (ӛкпе, тамак, тіл, беттің
бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі,
дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп немесе
жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы озі оқып,
жазып, айтып, түрлі сӛздер мен сӛз тіркестерін, сӛйлемдер құрастырып, сӛйлемдерді сан-
салаға ӛзгертіп, ӛзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Бұл заңдылықтан сӛйлеу
органдары мен жазатын қолды жаттықтыру принципі келіп шығады.
Жетінші зандылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету.
Тіл лексика және
грамматикалык формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік
фактілер де соғұрлым тез ұғынылады. Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін
ұмытып қалмайтындай етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте кӛбейтіңкіреп беріп,
сӛйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.
Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп
сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, анализ, синтез, дерексіз
ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай
алатындай болуға тиіс.
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан
мынадай әдістемелік
принцип шығады:
1) ұштастыра оқыту; 2) қайталау; 3) ӛз бетімен жүмыс істеуді күшейте түсу.
Бұл принциптерді іске асыру ушін: 1) бағдарламаны тиянақты құру; 2) жоспарлы түрде
қайталап отыру; 3) жаттығу жұмыстары; 4) оқушыларды ойлау мен сӛйлеуге үйретудің
тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.
Сӛйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып
табылады; ал әдістемелік принциптер осы заңдылықтардан туындайды, мұндай
принциптерге негізделген әдістеме, сӛз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын
жүйелі жүргізуге кӛмектеседі.
Қазақ тілін меңгертудің әдіс-тәсілдерін анықтау, берілген білім кӛлемі мен
мазмұнын нақтылау оқытудың педагогикалық заңдылықтарына сүйенгенде ғана жүзеге
асады. Ж. Аймауытов
баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың
дұрыс жүйесін тауып, білімді тез меңгерудің шарттарын кӛрсететін педагогиканың бӛлімі
– дидактика екеніне ерекше мән береді, ол мәселелердің әлеуметтік маңызын беріп, түрлі
қырынан оқып-үйренуге назар аударған.
Достарыңызбен бөлісу: