Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж


Мақсаты: телеқатынастық технологиялар туралы мағлұмат беру Қарастырылатын негізгі сұрақтар



бет16/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Мақсаты: телеқатынастық технологиялар туралы мағлұмат беру
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  • Компьютерлік желілер көмегімен ақпарат алмастыру

  • Ауқымды ақпараттық компьютерлік желілер жəне олардың білім берудегі мүмкіндіктері

  • Интернет желісінің білім беру сегменті. Негізгі республикалық білім беру

  • Интернет-ресурстары

  • Оқушылардың сыни ойлауы Интернет желісінен алынған теріс ақпаратқа сай қарым-қатынас факторы ретінде

Телеқатынастық ақпараттық кеңістіктің даму деңгейіне сəйкес желілік ақпараттық технологиялардың байланысы мен дамуы өз белгісін салуда, оларды ақпаратты беру технологиялары ретінде қарастыруға болады.
1. Жалпы орта білім берудегі қазіргі жүйе және оған кіретін оқу бағыттары оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының білім беруін дамытуға бағытталған артықшылықтары белгіленген көптеген мемлекеттік бағдарламаларында ақпараттық қоғам жағдайында оқу мекемелерінің бітірушілердің кәсіби іс әрекетінің негізгі стержені, сондай-ақ ақпараттық мәдениеттің қажетті компоненттері болып табылатын оқушылардың ақпаратпен және оны өңдеу құралдарымен жұмыс жасаудың жалпы оқу және жалпымәдени дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Өз кезегінде болашақ бітірушілердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ұмтылу оқушылардың телеқатынастар және жаппай ақпараттық құралдар, әртүрлі білімді және шығармашылық жетілуге мүмкіндік беретін телекомуникациялық құралдарды қолдану, ақпараттың шынайылығының бағасын, сыни тұрғыдан ойлаудың дамуын, ақпарат және білімді салыстыра білуін, ақпараттық үдерісті дұрыс ұйымдастыруын, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау және қамтамасыз ету туралы білімді меңгеруіне бағытталған жалпы білім беруге әкеледі.
Телеқатынастық жүйелер жалпы білім беру жүйесінде алдыңғы орында ғана емес, сонымен қатар практика жүзінде қоғам өмірінің барлық аясында негізгі рөл атқарады. Телеқатынастық ақпараттық кеңістіктің даму деңгейіне сәйкес желілік ақпараттық технологиялардың байланысы мен дамуы өз белгісін салуда. Оларды ақпаратты беру технологиялары ретінде қарастыруға болады.
2. Ақпараттандыру - білім беруді жетілдірудің негізгі факторларының бірі. Оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеруде, педагогтар білім берудің қарапайым трансляторы рөлінен бірте-бірте оқушылардың білім, білік, дағдысын меңгеру іс-әрекетін құралы Интернет желісінде жарияланған білім берудегі ақпараттық ресурсттар болып табылады. Олардың жалпы орта білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын барлық мамандармен нақты, өз уақытымен және оңтайлы қолданылуы оқушыларды дайындаудың тиімділігіне әсер етеді. Компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауды толығымен қарастырайық. Ақпараттық - қатынастық технологиялар құралдары жалпы орта білім беру мекемесі жұмысына келесілерді еңгізеді:
- оқу - әдістемелік материалдарды, рефераттарды және мәліметтерді дайындау үшін интернет желісінің оқу және ғылыми сайттарында орналасқан ақпаратты қолдану;
- интернет желісінде оқу мекемелерін ұйымдастыру;
- интернет желісінде мектеп пәндерінің мазмұнына және орналасуына байланысты сайтты құру
- оқытушылар мен оқушылардың жеке Web - сайттарын орналастыру.
Интернет желісіндегі көптеген ақпараттық ресурстар гипермедиа принципі бойынша ұйымдастырылып Web-беттері ретінде көрсетілген. Web-бет - бұл бүтіндей файлдар тобынан тұратын жеткілікті түрдегі күрделі құжат. Бір беттің көлемінде барлық қажетті мәліметтерді беру қиын, сондықтан, ақпаратты бір тақырыпқа жалпы стильде безендендірілген және гипермәтіндік сілтемелермен байланыстырылған бірнеше он немесе жүздеген Web- беттен тұратын жиынтық түрінде қарастыруға болады. Мұндай жиынтық Web сайт немесе Web - түйін деп аталады. Әрбір Web-сайттың бастапқы немесе үйге арналған деп аталатын старттық беті бар. Қарапайым Web-түйін сұратылған құжатты клиенттің сұранысымен ғана жібереді. Өңделген ақпаратты клиенттің тіркелуі мен жазылуы жағдайында өздігінен беруге мүмкіндік беретін Web түйіндер бар. Көптеген Web- сайттар және Web-беттер WWW-серверлер жиынтығында сондай-ақ арнайы программалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерлерде сақталады. Желіге қосылған қолданушылар Web беттерден Web-браузерлер деп аталатын бүкіләлемдік тор программа-клиент көмегімен ақпаратты алады және қарай алады. Браузер бетін құру үшін компьютерлік желіге қажетті құжат сақталған Web Web - сервермен сұраныс жіберіледі. Сұранысқа жауап ретіне сервер қажетті Web-бетті қарау программасын немесе егер ол бірнеше себептерге байланысты кіру мүмкіндігі болмаса бас тартатындығы жөнінде мәлімет жібереді. Клиент-сервердің өзара әрекеті арнайы ереже бойынша орындалады, немесе басқаша айтқанда, колданбалы сипатта болады. Байланыс желісі ретінде каналтүзеуші аппаратураға арналған проводтық, радио-оптикалық жəне басқа байланыс каналдары жиынтығы, сонымен қатар аталған желінің қызметін қамтамасыз ететін орталықтар жəне байланыс жүйелері түсіндіріледі. Өзара байланысқан компьютерлерді əртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бір жағынан, компьютерлерді біріктіру – бұл компьютерлік желі. Басқаша жағынан – бұл кеңістікте ақпаратты алу құралы, адамдар арасындағы қатынасты ұйымдастыру құралы. Осы қасиетіне қарай компьютерлік желілерді олардың құрылғыларының ерекшеліктерін емес, жұмысын баса айта отырып телекомуникациялық желілер деп атайды.
Жергілікті жəне ауқымды желілер
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары жалпы орта білім беру мекемесі жұмысына келесілерді енгізеді:
- оқу-əдістемелік материалдарды, рефераттарды жəне мəліметтерді дайындау үшін интернет желісінің (Web- сайтта) оқу жəне ғылыми сайттарында орналасқан ақпаратты қолдану;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет