Мақсаты: Цифрландыруға әсер ететін технологияларды меңгеру
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Цифрландыру
Цифрландыруға әсер ететін технологиялар
Қазіргі өмірді цифрлық технологиясыз елестету қиын. Бұл технологиялар қолданыс таппаған сала қазір өте аз. Ел экономикасын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі күн санап өсіп келеді.
Цифрлық технологияларды енгізу өмірді мейлінше қолайлы етуде, мысалы, қарапайым азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтерге оңай қол жеткізуде, ақпарат алмасу жеделдетілді, бизнесті жүргізуге арналған жаңа платформалар қызмет көрсетуде.
«Цифрландыру» терминінің кең мағынасы – ақпаратты цифрлық форматқа өзгертіп, экономиканың тиімділігін арттыруға, өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін экономика мен қоғамды дамытудың дүниежүзілік көрінісі.
Егер цифрландыру процесі өндірісті, бизнесті, ғылымды, әлеуметтік саланы және азаматтардың кәдімгі өмірін қамтыса; оның нәтижелері тиімді пайдаланылса; цифрландыру нәтижелерін мамандар ғана емес, қарапайым азаматтар да пайдаланса; цифрлық ақпаратты қолданушылар онымен жұмыс істеуге дағдыланған болса, онда
цифрландыруды расында да әлемдік дамудың тренді ретінде қарастыруға болады.
Компьютерлер мен ақпараттық технологиялар пайдаланылған ақпараттандыру мен компьютерлендіру кезеңінің орнына цифрландыру кезеңі келді.
Бір уақытта жасалып, шамамен бір уақытта енгізілген бірнеше технологияның дамуы арқасында бүгінгі цифрландыру үдерісі жүзеге асып отыр.
Қазіргі таңда цифрландыру – заманауи әлемнің талабы, онсыз одан әрі даму мүмкін емес. Мемлекеттік, салалық деңгейлерде, сондай-ақ жекелеген үй шаруашылықтары мен жеке азаматтарда цифрландырудың алғышарттары болуы қажет. Цифрлық экономиканың алғышарттарын жасауға ықпал ету мақсатында мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалуда.
Цифрландыруға әсер ететін технологиялар
Мобильді құрылғылар
Желіде жұмыс істеуге арналған смартфон, планшет пен ноутбуктердің дамуына байланысты web-беттерді көру, IP-телефония, бейнеконференциялар және мультимедиалық ағындарды тасымалдау сияқты әрекеттерді мобильді құрылғыларда орындауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |