Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет26/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Негізгі сұрақтар:

  • Смарт оқулық, смарт қалам, смарт тақта. Оларды пайдалану.

  • 3D өнімдерді пайдалану

SMART EDUCATION тұжырымдамасына тоқталып өтсек, SMART EDUCATION тұжырымдамасының негізі – барлық білім беру үдерісінің кешенді модернизациясы мен осы үдерісте пайдаланатын әдістері және технологиялары болып табылады. SMART тұжырымдамасы білім беру бағытында жаңа технологияның пайда болуына өз септігін тигізеді, атап айтқанда ақылды тақта, ақылды экрандар, интернетке әр жерден кіру сияқты және әр технологиялар контентті жаңаша жасау үрдісін, оның жеткізуін және актуализациялауын қалыптастырады.
«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S (Specific) – мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы керек.
М (Measurable) – мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
А (Achievable) – мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R (Relevant) – мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.
Т (Time-limited) – мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы керек.
Қорытындылай келе, қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы – электронды жүйемен оқыту.
Жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың кешенді үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы – инновация көрсеткіштері. Осы талаптарға отандық білім жүйесінің сай келуі, соңғы болып жатқан өзгерістерге, өскелең сұраныстарына үлгеру басты талапқа айналып отыр.
Қай елдің болсын, заман ыңғайына қарай экономикалық-қоғамдық қатынастарының барлық саласы өзгеріп, дамыған сайын білім беру жүйесі де өзгеше мән-мазмұнға ие болып, сол қатынастарға сәйкес дамитыны табиғи заңдылық.
Тақтада слайд, видео көруге, белгілер қоюға болады, қарапайым тақта сияқты сурет салуға, түрлі сызбалар сызуға болады, нақты уақытта экранда үлкейтіп көрсетілген бейнеге белгілер қоюға, кез келген өзгерістерді енгізіп және оларды келешекте өңдеу үшін компьютерлік файл түрінде сақтауға, басып шығарғыштан шығаруға, факс немесе электронда пошта арқылы жіберуге болады.

Дәріс 15: Мобильді оқыту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет