Мақсаты: Электрондық оқулықты жасақтау технологияларын талдап, меңгеріп шығу
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Негізгі ұғымдар
Электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерi.
Электрондық оқулық жасақтау алгоритмі.
Блоктық-модульдік үлгіде құрастырылған электрондық оқулық құрылымы:
мақсаттық құраушы (оқушылардың қарастырып отырған мәселесіне эмоционалдық қатынасын, құндылық бағалау көзқарасын, ынта-ықыласын, талап-тілегі мен сұранысын көрсетеді);
мазмұндық құраушы (оқушының оқыту технологиясы, оның мән-мазмұны, ерекшеліктері, қолданудың әдіс-тәсілдері, амалдары туралы теориялық білімнің тереңдігі, тұрақтылығы және педагогикалық талдау жолдарын теориялық жағынан меңгеру деңгейімен сипатталады);
операциялық құраушы (оқушының өзі білетін оқу әрекеттерінің тиімділігі және бағыттылығы, оны жүзеге асыру икемділігі мен дағдысы және осы мәселеде өз жұмысын талдауға қабілеті, өзінің және өзгелердің дайындық дәрежесін бағалауымен анықталады);
нәтижелік-бағалау құраушы (оқушының алған білім, икемділік, дағды ауқымын, оқу материалының меңгерілу деңгейін, меңгеру нәтижесін анықталуында маңызды) түрінде берілген.
Электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерi.
— мұқаба бетi;
— мазмұны;
— оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);
— оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);
— өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
— өзiндiк бақылау жүйесi;
— оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе
-әдебиеттер
-қосымша ақпарат.
Құрылымы бойынша дәстүрлі оқулықтан ерекшеленетін электрондық оқу ақпаратының құрылымы мына әдістер бойынша жасалады:
сызықтық көрсету;
логикалық-құрылымдау;
басты дидактикалық бірліктерді анықтау;
оқу ақпаратын өзектеу әдісі;
бақылау және бағалау;
блоктық-модульдік әдістері арқылы жүреді.
Электрондық оқулықты дайындаудың блоктық-модульдік әдісі бойынша жобалау мына алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады:
Дайындық жұмыстары
1.1. Жобалау объектісін талдау
1.1.1.Нені (үрдіс, жүйе, құбылыс, жағдаят) жобалау қажеттігін анықтау.
1.1.2. Объекті мен оның байланысын қарау.
1.1.3. Объекті құраушылары мен оларға қойылатын талаптарды білу.
Объекті неғұрлым күрделі болса, соғұрлым талдау тереңірек жүргізіледі.
1.2. Жобалау формасын таңдау. Жобалау формалары
мақсатқа сәйкес,
талапқа сәйкес,
оқушы мен педагог ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес таңдалады.
1.3. Жобалаудың теориялық тұрғыдан қарастырылуы. Бұл
1.3.1. Басқа жердегі ұқсас объектілердің қызметтік тәжірибесі туралы,
1.3.2. Басқа педагогтардың ұқсас объектілерді жобалау тәжірибесі туралы,
1.3.3. Осы немесе басқа жобалаудың адамға әсерін зерттеу туралы мағлұматтарды іздеу, жинау деген сөз.
Жобалаудың екі тәсілі белгілі:
- жаңа модель, жоба құрудағы оңтайлы тәсіл, мұнда ақпарат объекті құраушыларына әсері сипатында керек болады.
- «құрылымдық ұқсастық» тәсілі, мұнда педагогиккалық үрдіске қатсушылар ме олардың функциялары жөнінде түсінік алу жеткілікті болады.
1.4. Жобалаудың әдістемелік мелік өңделуі жобалау аспаптарын құрудан басталады.
1.4.1. Әрбір материалдың бірнеше нұсқасын жинап, құрылымды дұрыс жүйелеу,
1.4.2. Мазмұндық қамтамасыз ету.
1.5. Жобалаудың кеңістікті-уақыттық қамтамасыз етілуі.
1.5.1. Нақты уақытты есептеу.
1.5.2. Ыңғайлы орынды анықтау.
1.5.3. Орынды дайындау.
1.6. Материалды-технникалық қамтылуы.
1.6.1. Жобаның қарапайымдылығы.
1.6.2. Нәтиженің тұрақтылығы.
1.6.3. Педагогтар мен оқушылар(студенттер) іс-әрекетіне енгізілетін қолайлылық.
1.7. Жобалаудың құқықтық қамтылуы.
Оқушылар мен студенттердің, мұғалімдер мен оқытушылардың, авторлардың құқықтары сақталуы тиіс.
Жоба дайындау.
1.8. Жүйені және оның элементтерін таңдау.
1.8.1. Негізгі блокты, модульді таңдау және айрықшалау.
1.8.2. Элементтер арасындағы байланысты анықтау және орнату.
1.9. Құраушылар арасында байланыс орнату.
1.9.1. Интеграциялық байланыс.
1.9.2. Құраушылар арасындағы байланысты граф түрінде бейнелеу.
1.9.3. Байланыстың оқыту әдістемесіне әсері.
1.9.4. Байланысты өзгерту мүмкіндігі.
1.10. Құжат толтыру.
Жобаның сапалылығын тексеру.
1.11. Жобаны қолдануды ойша эксперименттеу.
1.12. Жобаның эксперттік бағасы – белгілі мамандардың тексеруі.
1.13. Түзету.
1.14. Жобаны пайдалану туралы шешім қабылдау.
Дәріс 10: Ақпараттық білім ортасы
Достарыңызбен бөлісу: |